Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүкті әйелдерге неге түйе етін жеуге болмайды?

Жүкті әйелдерге неге түйе етін жеуге болмайды?

ÐүкÑÑ ÓйелдеÑге неге Ñүйе еÑÑн жеÑге болмайдÑ?Қазақ ерте заманнан бері төрт түліктен алынатын барлық өнімді кәдесіне жаратқан. Төрт түліктің ішінде түйені байлық ретінде, көлік құралы ретінде, азық-түлік ретінде де қастерлеген. Түйе етін жүкті әйелдерге жеуге болмайтыны жайлы жиі естіп жатамыз. "Келіншек жүктілік кезінде түйе етін жеп қойса, жүктілік мерзімі ұзарады" делінеді. Ал балық жесе, баласының тілі кешігіп шығады дейтіндер бар екен. Қазақтар кезінде осыған тек тыйым салынғандықтан сенген бе немесе ол расында да медициналық тұрғыдан дәлелденген бе? Түйе мен қоян еті жүктілікке зиян ба? Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі этнограф Бағдат Мүптекеқызы мен гинеколог дәрігер Роза Мәдібекқызынан осы жайлы сұрап білді. Мамандар түйе етінің жүктілікке зияны бар екенін жоққа шығармады. Этнограф Бағдат Мүптеқызының айтуынша, түйе өзінің төлін он екі ай көтеретіндіктен, оның етін жеген келіншектер жүктілікті дәл солай өткерген. - Жалпы түйе өзінің төлін он екі ай көтеріп жүретінін барлығы білетін шығар. Осыдан да жүктілік кезінде түйенің етін жеуге болмайды деген ұғым қалыптасқан. Босанар мерзімі өтіп бара жатқан келіншектен "түйенің етін жеп алғансың ба?" деп сұраған. Бұл ырымның қазақтарда бары рас. Шынында да түйе етін жеген келіншектің жүктілік мерзімі ұзарады", - дейді этнограф. Сондықтан, Бағдат Мүптеқызының айтуынша, қазақ тіпті жаңа түскен келінге де, жүкті әйелге де түйе етін жегізбеген. - Меніңше, оның денсаулыққа аса зияны жоқ, әрине. Бірақ жүктіліктің мерзімін создырмау мақсатында түйе етін мүлде қолданбаған. Түйе жүнінен жасалған көрпе-төсектерді қыздың артынан жасау ретінде де апармаған", - дейді этнограф. Расында да түйе немесе қоян етін жеген жүкті келіншектердің жүктілік мерзімі ұзарады дегенге бүгінге дейін сенетін сияқты. Алайда, алматылық Әлия Мұсабекқызының айтуынша, дәл қоян еті оның жүктілігіне еш әсерін тигізбеген. - Жүкті кезімде қонаққа барған едім. Сонда жабайы қоян етінен қуырдақ дайындапты. Ал мен оның қоян етінен жасалғанын білмегенмін. Сонда енем менің сол қоян етін жеп отырғанымды байқаған екен, бірақ ештеңе де айтпаған. Мен уайымдамасын деп, үндемей қоя салған екен. Cосын ғана мен босанған соң әңгіме арасында осыны айтты", - дейді алматылық әйел.  Тағы бір кейіпкеріміз шымкенттік Әйгерімнің сөзіне сүйенсек, ол жүктілігінің 20-аптасында түйе етін жеп қойған. Әйгерім түйе етін жеуге болмайтынын білген, бірақ, шындап келгенде, оған аса сенбеген де екен. - Бізде Шымкентте ырым-тыйымдар көп екенін білетін шығарсыздар. Жүктілік кезінде шаш қиюға болмайды, түйе етін жеуге болмайды, баласын түйе сияқты көп уақыт көтереді дейді. Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды дейді. Ұстаса мерзімінен бұрын босанады, бала кіндігіне оралып қалады деп жатады. Маған осыны күнделікті айтатын, алайда мен оған сенбедім. Содан бірде еш ойланбастан түйе етінен тамақ дайындадым. Кейін ғана жүктілігімнің мерзімі аяқталуға жақын қалғанда осы есіме түсті. Сөйтіп түйе етін жеп, біраз уақыт жүріп қалғаным бар", - деп еске түсірді Әйгерім. Медицинада мұндай жағдайлар көптеп кездеседі екен. Дәрігер Роза Мәдібекқызының айтуынша, оның пациенттерінің көбі түйе етін жеп, ұзақ уақыт босанбай жүрген.  - Айтарым, бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденген жоқ, бұл наным-сенім болса да, ол расында да солай. Түйе 12 айда туатыны белгілі, оның еті мен сүтін ішсе адамдар да солай ұзақ көтерген жағдайлар кезінде талай болған. Сондықтан мен жүкті келіншектерге түйе етін жемеуге кеңес беремін. Расында да ол жүктілік мерзімін ұзартады. Маған қаралып жүрген жүкті келіншектердің көбі осыдан жүріп қалып жатады. Бұл рас. Әсіресе, Созақ ауданының келіншектері. Онда түйе шаруашылығы жақсы дамығандықтан болар", - дейді гинеколог. Осыған байланысты дәрігер түйе етінің орнына қоян етін жеуге кеңес береді. Айтуынша, қоян етінен жасалған тағам диеталық және ол өте сіңімді, құрамында ақуыз бен лецитин көп. Ешқандай да зияны да жоқ және одан ешқандай қауіп төнбейді екен. Дереккөз: tengrinews.kz

Massaget.kz
23 маусым 2019 ж. 1 938 0