Жігіттермен қалай сөйлесу керек?
Өмірде мінсіз адамдар болмайды. Әркімнің өз эталоны бар. Десе де, жігіт қауымына ұнауы мүмкін деген мінсіз қыздың қандай болуы керектігі туралы сөз қозғайық. Өзіңіз жақсы меңгерген тақырыптарда ғана сөйлесіңіз Бейтаныс тақырыптарда сөз қозғауға тырыспаңыз. Білмесек те, ұнау үшін футбол тақырыбын талдауға кірісетін әдетіміздің бар екені өтірік емес. Нағыз бойжеткенге футбол, көлік, қару-жарақ және боевик жанрындағы фильмдер туралы білудің қажеті жоқ. Ал, егер шын мәнінде оларды жақсы білсеңіз, жолыңыздың болғаны. Бірақ, жігітке одан артық білетініңізді көрсетпеуге тырысыңыз. Олар мұны ұнатпайды. Ақылды болсаңыз, оларға өзін ақылды әрі мықты сезінуге мүмкіндік беріңіз. Жігіттер логикасын ескеріңіз Бойжеткендер эмоцияға беріліп, жігіттер логикамен ойлауды жөн көретіндіктен, бір-бірін жете түсіне бермейді. Егер жігітті түсінгіңіз келсе, логиканы іске қосыңыз. Мұнымен қатар, олардың айтқан сөздерінде ешқандай да астарлы мағына болмайды. Көп кешікпеңіз Бұл туралы жазғым келмесе де, жігітке, өзіңіз туралы ойлануға 15 минут беру арқылы жұмбақ ханшайымның кейпіне енетіндігіңізді айтқым келеді. Бірақ, 20 минуттан артық кешігудің реті жоқ. Және бұл әрекетіңіз үшін кешірім сұрауды ұмытпаңыз. Стильді киініңіз Үстіңіздегі киіміңіз жігіттерде сіз туралы ой қалыптастырады. Өзіңізге жарасымсыз киімдер кию арқылы оларға ұнаймын деп ойламаңыз. Әсіресе, ашық-шашық киімдердің көмегімен. Олардың әрекетін бағалаңыз Әрбір жігіт - ертекші. Бірі жақсы айтса, екіншісі есе жібереді. Сондықтан олардың сөзіне емес, ісіне сеніңіз. Адам бірнеше сағат бойы сөз беріп, ант-су ішіп, артынша уәдесін орындамауы мүмкін. Сіз бастаңыз Қарым-қатынас мәселесінде әр істі тек жігіт бастауы тиіс. Бұл – табиғаттың заңы. Бірақ, бұл бойжеткен еш нәрсе істемеуі керек деген сөз емес. Ең мықты деген жігіттің өзі қарсы жауап болғанын қалайды. Жігіттерге өз сезімін ашық білдіретін, көре салысымен мойнына асыла кететін қыздар керек емес. Оларға іс-әрекетін бағалайтындығыңызды көрсететін смс хат та жеткілікті. Қандай жағдай болмасын, іс-әрекетінің бекер жасалып жатпағандығын білдіріңіз. Тек шектен шығып жүрмеңіз. Кім төлейді? Мұны мәңгілік сұрақ деп атауға болатын шығар. Кім шақырса, сол төлейді. Ал достар мен әріптестер бөлісіп төлейді. Ара-қашықтықты дұрыс белгілеңіз Сіз жігітке шекараның қайсы екенін көрсетуіңіз қажет. Олар бала секілді. Айтып қоймасаңыз, шектен шығып кетеді. Егер мінезі немесе әрекеті ұнамаса, бірден айтыңыз. Қарапайым болыңыз! Түрлі интернет ресурстары ұсынған кеңестердің арасында адасып кетпеңіз. Ал Сіз бұл тізімге не қосар едіңіз? Мүмкін, қате деп тапқан пунктілер де бар шығар? Ойыңызбен бөлісе отырыңыз... Сурет: вк желісінен
Massaget.kz
Massaget.kz