Джек Ма: Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз
Қытайдың ең бай адамы Джек Ма өз дәулетін интернет-сауда арқылы жиды. Оның Alibaba дүкені — e-commerce саласында ірі қытайлық жоба, және жақында ол бір сағат ішінде тауарды $2 млрд-қа сатқан.
Тек бір досым ғана (сол кездері банкте жұмыс істейтін): «Егер осы іспен айналысқың келсе, істеп көрейік. Жолымыз болмаса да, бұрынғы ісімізге қайта оралармыз» - деді. Мен түнімен ойланып, бұл жоспарымды 24 досым қолдамаса да, бәрібір тәуекелге барар едім деп шештім.
Alibaba іске кіріскен уақытта да, отбасым мен достарымның тарапынан ұнамсыздыққа тап болдым. Қазір өткенімді саралсам, мені алға жетелеген интернеттің құдіретіне деген сенім емес, «Қандай жұмыспен айналысып жатқаныңыз маңызды емес, табысқа жете алдыңыз ба, әлде сәтсіздікке ұрындыңыз ба, ең бастысы, тәжірибе – бұл жалпы табыстың формуласы. Сіз әрі қарай да тырысып бағуыңыз керек, егер жолыңыз болмай жатса, әрдайым бұрынғы қалпыңызға қайтып орала аласыз» деген тұжырымға сенімім болды.
Томас Лоуренстің мына бір сөзіндей: «Әр адам түс көреді, бірақ әркім әрқалай. Қара түнде түс көргендер, таң атқан соң түстерінің күлге ұшқанын көреді. Бірақ ашық көздерімен, өңінде түс көретіндер – қауіпті адамдар, себебі олар түстерін шындыққа айналдыруы мүмкін».
2) Мүмкіндіктерін лайықты бағаламайды.
3) Мүмкіндіктерді түсінбейді.
4) Тез арада қимылдай алмайды.
Бұған — Қытайда алғашқылардың бірі болып мамандандырылған басшы атанған — Джулиет Ву Шихонгтың оқиғасы дәлел бола алады. Ол өз-өзін дамыту мен үздіксіз білімінің арқасында еден жуушыдан бастап, күтуші, маркетологқа дейін көтеріліп, ал кейін жоғары білікті маман ретінде мойындалды.
Ол ең танымал мультиұлттық IT-топтарды басқарды (Microsoft 1985-1998; IBM 1998-1999). Ву Қытайдың экономикалық реформалар мен әлемге ашылуы кезеңінде пайда болған бизнес-басшылардың жаңа толқынының символы болды.
Оның мәнсап жолы ірі компанияның ең лас жұмысын істеуден басталды, оның міндетіне шай құйып, еден жуу кіретін. Бір күні, ол төлқұжатын ұмытып кетіп, күзетші оны ішке кіргізбейді. Ол расында осы компанияның қызметкері екенін және кеңсе заттарын сатып алу үшін ғана шыққанын түсіндіреді. Бірақ қанша жалынса да күзетші оны кіргізбейді. Осылайша, есіктің жанында тұрып, Ву қатарластарының әдемі киініп, ішке еш рұқсатсыз кіріп жатқанын байқайды. Күзетшіден, олардан неге құжат сұрамайсың дегенде ғана күзетші оған кіруге рұқсат етеді.
Бұл келеңсіз жағдай Вуға қатты әсер етеді, ол өзін керексіз адам сезінеді. Өзіне сырттан қараса: олпы-солпы киімде, кір арбаны айдап жүргенін көреді. Алдында ғана іскер киінген қатарластарымен өзін салыстырып, оны кемсітіп жатқандай сезінеді. Осы сәттен бастап Ву өз-өзіне серт береді: бұдан былай өзін қорлатпауға және әлемге танымал болуға.
Содан бері оны алға жетелейтін мүмкіндіктерді жібермейді. Күнделікті Ву жұмысқа бәрінен ерте келетін болады және бәрінен кеш кетеді. Ол әрдайым үйренуге талпынып тұрады, осылайша көп ұзамай талпынысы лайықты бағаланады: ол сату бойынша менеджерге көтеріледі, ал кейін — Қытайдағы аймақтық менеджер болады. Оның соған сай білімі де болмаған, сол себепті оны «парт-таймерлер ханшайымы» деп атайтын. Уақыт өте келе Қытайда IBM-ді басқарады. Бұл қытай іскер ортасының кейіпкері Ву Шихонгтың өмірбаяны.
Бұл жағдай болмағанда, Ву Шихонгтың бай-қуатты болуға сенімі мен қалауы ешқашан жетпес еді, және өмірі де тіптен басқаша өрбитін еді.
— Сіз кедейсіз, өйткені табысты болуды қаламайсыз.
— Сіз кедейсіз, өйткені болашақты болжауға тырмыспайсыз.
— Сіз кедейсіз, себебі қорқынышыңызды жеңе алмайсыз.
— Сіз кедейсіз, өйткені жігерлік пен мақсатыңызға ұмтылысыңыз жеткіліксіз.
— Мақсатқа ұмтылу барлық жағдайлардан биік болып, күш-қуатыңызды барынша дамытуға көмектеседі.
— Мақсатқа ұмтылу әрдайым біліміңді жетілдіріп отыруға және әдемі өмір сүруге көмектеседі.
— Мақсатқа ұмтылу барлық кедергілерді еңсеріп, басқалар тіпті армандауға да қорқатын ғажайыптарды іске асыруға көмектеседі.
Отбасыңыз қаншалықты кедей екені маңызды емес, өз қабілетіңізге күмән келтірмеңіз және алдыңызға мақсат қойыңыз.
— Егер отбасыңыз сізді лайықты бағаламаса, бұл аяушылыққа себеп емес.
— Егер ата-анаңыздың медициналық шоттарды төлеуге ақшасы жоқ болса, сізді ешкім аямайды.
— Егер бәсекелестер сізді басып озса, бұл сізді мүсіркеуге себеп емес.
— Егер жақын адамдарыңыз сізді тастап кетсе, ешкім сізге аяушылықпен қарамайды.
— Егер 35 жасыңызға дейін ештеңеге қол жеткізбесеңіз, ешкім сізді аямайды.
"Bilim all"
Cіз ештеңеге тырмыспайтындықтан кедейсіз
Alibaba-ның негізін қаламас бұрын, мен осы бизнес-мүмкіндік жайлы талқылау үшін 24 досымды шақырдым. Біз екі сағат бойы әңгімелестік, бірақ олар бұл жоспарыма күмәнмен қарады – мен де түсіндіре алмаған шығармын. Үкім: сол бөлмеде отырған 24 адамның 23-і маған түрлі себептермен бұл жоспардан бас тартуымды ұсынды. Мысалы: «Сен интернет жайлы ештеңе білмейсің, және ең бастысы, сенің бастапқыға құятын қаражатың жоқ».Тек бір досым ғана (сол кездері банкте жұмыс істейтін): «Егер осы іспен айналысқың келсе, істеп көрейік. Жолымыз болмаса да, бұрынғы ісімізге қайта оралармыз» - деді. Мен түнімен ойланып, бұл жоспарымды 24 досым қолдамаса да, бәрібір тәуекелге барар едім деп шештім.
Alibaba іске кіріскен уақытта да, отбасым мен достарымның тарапынан ұнамсыздыққа тап болдым. Қазір өткенімді саралсам, мені алға жетелеген интернеттің құдіретіне деген сенім емес, «Қандай жұмыспен айналысып жатқаныңыз маңызды емес, табысқа жете алдыңыз ба, әлде сәтсіздікке ұрындыңыз ба, ең бастысы, тәжірибе – бұл жалпы табыстың формуласы. Сіз әрі қарай да тырысып бағуыңыз керек, егер жолыңыз болмай жатса, әрдайым бұрынғы қалпыңызға қайтып орала аласыз» деген тұжырымға сенімім болды.
Томас Лоуренстің мына бір сөзіндей: «Әр адам түс көреді, бірақ әркім әрқалай. Қара түнде түс көргендер, таң атқан соң түстерінің күлге ұшқанын көреді. Бірақ ашық көздерімен, өңінде түс көретіндер – қауіпті адамдар, себебі олар түстерін шындыққа айналдыруы мүмкін».
Адамдар өмірде мына төрт себептен жеңіліске ұшырайды:
1) Жақын болашағын ғана ойлайды – мүмкіндіктерді көрмейді.2) Мүмкіндіктерін лайықты бағаламайды.
3) Мүмкіндіктерді түсінбейді.
4) Тез арада қимылдай алмайды.
Cіз ештеңеге тырмыспайтындықтан кедейсіз
Тырмысатын адам болу – демек ұлы идеялармен өмір сүру, үлкен мақсат қоя білу. Бұл әлемде сыры танылмаған, түсініксіз заттар бар, бірақ қол жетімсіз ештеңе жоқ. Болашағыңыздың қандай боларын алға қойған мақсаттарыңыз бен соған жетемін деген сеніміңіз анықтайды.Бұған — Қытайда алғашқылардың бірі болып мамандандырылған басшы атанған — Джулиет Ву Шихонгтың оқиғасы дәлел бола алады. Ол өз-өзін дамыту мен үздіксіз білімінің арқасында еден жуушыдан бастап, күтуші, маркетологқа дейін көтеріліп, ал кейін жоғары білікті маман ретінде мойындалды.