Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн жүйесіндегі жаңа ғаламшарға атау берілді

Күн жүйесіндегі жаңа ғаламшарға атау берілді


Kyzylorda-news.kz. Күн жүйесіндегі жалпыға танымал емес планетаның бірі атауын алды. Осы күнге дейін атаусыз келген ергежейлі ғаламшар Плунтонның жанында айналады. Сол себепті ғалымдар оны плутоноидтар тобына қосады. Ал плутоноидтар өз кезегінде Койпер белдеуін "мекендейді".
Біздің жүйенің бұл облысы тек 1992 жылы ашылған еді. Ғалымдар оларды Күн жүйесі пайда болған "құрылыс материалдарының" қалдығы - астероидтар деп санаған. Бірақ ғылымның дамуымен астероид деген болжам қате болып шықты.
Бұл облыста ғаламшардың бар екені белгілі болды. Ал атаусыз ергежейлі ғаламшар осыдан 12 жыл бұрын ғана ашылған. Оның диаметрі 1 500 шақырымды құрайды. Салыстырмалы түрде Жердің диаметрі - 13 000 шақырым.
Аталмыш планетаны ашқан Калифорния технологиялық институтының астрономы Майкл Браун Планетологиялық қоғамның сайтында ғаламшарға атау таңдау үшін конкурс ұйымдастырды. Скандинавиялық құдай Вили, Одиннің ағасы, ежелгі неміс құдайы Хольда ұсынылған. Алайда Қытай мифологиясының өкілі Гунгун жеңіске жетті. Аңыз бойынша су құдайы Жердің орбитаға бұрышпен иіліп тұрғанына "кінәлі" және жердегі барлық апаттың себепкері.
Майкл Браун - Плутон аймағын зерттеуімен танымал. Оның Койпер жолағында орналасқан Плутоннан да үлкен UB313 (Эрида) атты планетаны тауып, Халықаралық астрономия одағына бағыттап, "не Эрида күн жүйесіндегі оныншы планета атанады, не Плутон планета болудан қалады" деп ресми түрде хат жазған болатын. Әрине, бұл жайттан кейін Эриданы елемей қалу мүмкін болмады. Сондықтан, әлем астрономдары біріге отырып, "ергежейлі планета" атты су жаңа класс ойлап тапты да, құрамына Плутон, Эрида, Церера, Хаумеа және Макемакены кіргізеді. Сонымен, күн жүйесінде қазір 8 негізгі планета, 5 ергежейлі планета бар.

Massaget.kz

09 маусым 2019 ж. 997 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930