Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Емтихан науқаны басталды

Емтихан науқаны басталды

Оқу жылы өз мәресіне жетіп, соңғы қоңырау мерекесі аяқталғаннан соң емтихан науқаны басталады. Түлектердің бірі ұлттық біріңғай тестке барып, бағын сынаса, енді бірі мектепте мемлекеттік емхитан тапсырады. Бәрі тегін оқу бақытына жеткісі келеді. Мықты маман атанып, асқақ арман мен биік мақсатқа шығуды қалайды.
Осы орайда аудандағы бітіруші түлектердің алдағы науқанға дайынды­ғын білмекке ҰТО-ның Шиелі ауданы бойынша филиал басшысы Шерәлі Үркімбаевқа хабарласқан едік.
– Ұлттық бірыңғай тестілеу биылғы жылы №270 Ғ.Мұхаммеджанов атында­ғы орта мектепте 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Дайындық көбіне мек­тептердің өзінде жүріп жатыр, ауданда 1 рет қана байқау сынағы алынды. Биылғы оқу жылында 593 оқушы мектеппен қоштасса, 31-і алтын белгіге үміткер. Ал қалған 448 оқушы ҰБТ сына­ғына қатысуға ниет білдіріп отыр. Бар­лық түлектерге сәттілік тілеймін, – деді.
Биыл мектептегі емтихан 28 мамырда басталып кетті. Қазақ тілі, орыс тілі, тарих және таңдау пәнінен болатын бұл сынақ шілде айының 7-сіне дейін жалғасады. Аудандағы 141 бітіруші түлек ҰБТ-ға емес, мектептегі мемлекеттік емтиханға қатысуға ниетті.
Жасырып не керек, соңғы екі жыл­дағы ҰбТ нәтижесі көңіл көн­шітпейді. Биылғы жылы тест көрсеткіші қалай болмақ? Таным мен тәрбиенің ордасына айналған, білім көкжиегінде дұрыс бағыт көрсете білген, ұшан теңіз еңбегі бар ардақты ұстаздардың сенімі ақталса екен деп тілейік.

Ф.КЕНЖЕШОВА.
01 маусым 2019 ж. 898 0