Қазақтар "қал" деп жүрген сәбидің денесіндегі көк таңбаның сыры ашылды
Қазақтар "қал" деп жүрген жас сәбидің жамбасындағы көк таңбаның сыры ашылды. Жаңа туған нәрестенің денесінде болатын таңбаны зерттеген моңғол және жапон ғалымдары оның тек бірнеше ұлтта ғана кездесетінін анықтады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бір қызығы, ғалымдар «Тәңір таңбасы» еуропалықтарда мүлде кездеспейді дейді. Тек Болгарияда ғана сәбилердің 0,6 пайызында кездескен жағдайлар болған.
Бұл таңда бурят, якут, қырғыз, қазақ, жапондардың айндары, кәріс, қалмақ, тува, хакас ұлттарында және Солтүстік Американың үндістерінде ғана бар екен.