Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаны тазаның – жаны таза

Қаны тазаның – жаны таза

Барлығымызға таныс емханаларда алынатын қанның клиникалық сарап­тамасында арнайы реактивтердің көмегімен, мысалы, қандағы гемоглобин, холестерин деңгейі, эритроциттердің тұну жылдамдығы және т.б. көрсеткіштері анықталады. Дегенмен де, өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз да, қан анализдеріңіз қалыпты деңгейді көрсететін болады. Бұл сәйкессіздік себебі неде? Бұл сұраққа гемосканирование жауап береді. Гемосканирование әдісі өз ағзаңыздың клеткалық әлеміне үңілуге кең мүмкіндік береді және клетка жұмысындағы ауытқуды көрсетеді, сізге аурудың ерте сатысында денсаулықты сақтауға жәрдемдеседі. Гемосканированиенің қанның клиника­лық анализінен айырмашылығы неде?– Дәрігер қалыпты қанның клиникалық анализінде қанның өлі клеткаларын баға­лай­ды;
– Гемосканированиеде қан тамшысы құрғамайды;
– Микроскоппен қанның тамшысын бірден көруге болады;
– Қандағы қарапайымдыларды, саңы­рау­құлақтарды, бактерияларды, гельминт жұмыртқаларын, клеткаішілік паразиттерді анық көруге болады;
– Қанды тексеру пациенттің қатысуымен жүргізіліп, қорытындысы бойынша дәрігер кеңес береді, ем тағайындайды.
Гемосканирование кезінде саусақ басынан қан алынып, тез арада 1600 есе үлкейтіп көрсететін микроскоппен қаралады. Қан тапсырушы немесе пациент монитор экранынан өз қанының құрамын, құрылымын, аурудың дамуына әкелген ауытқуларды көре алады.
Микроскоппен анықталған қан тамшысы­ның анализінен нені анықтауға болады? Олар: сіздің иммунитетініңіздің деңгейін, бауыр мен талақтың зорығуын, холестерин, қант, зәр қышқылын, минералдар мен витаминдер жетіспеу­шілігін, гормоналдық теңсіздікті, паразиттердің шоғырын, сусыздану дәрежесін, организмнің улануын, ас қорыту, дисбактериоз мәселелерін, атеросклероз, қаназдық, подаграға бейімділікті, инсульт, инфарктке бейімділікті, ұйқы безі мен бауырға байланысты зат алмасу жай-күйін, қатерлі ісіктерге бейімділікті, оразаның қандай оң әсері барын көрсетеді.
Гемосканирование екі кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде бір тамшы қан алынып, микроскоппен тексеріледі. Анализ тапсырар алдында 2-3 сағат бұрын тамақ ішпеу керек. Екінші кезеңде тексеру қорытындысы бойынша дәрігер тәжірибелік кеңес беріп, ем тағайындайды.
Гемосканирование Европа мен Амери­ка­ның клиникаларындағы тексерудің алтын стандартына енген.
Тексерілуге жазылу (төмендегі телефондар арқылы). Абылайхан к-сі 2/3, екінші қабат. (бұрынғы Ақтөре ғимараты)

Маржан Усенбатыровна,
дәрігер кардиолог, ревматолог.
25 мамыр 2019 ж. 1 034 0