Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар қарыздарын Telegram қосымшасы арқылы тексере алатын болады

Қазақстандықтар қарыздарын Telegram қосымшасы арқылы тексере алатын болады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай шетелге шығуды көздеген азаматы өзінің шетелге шығуға салынған тыйымның бар-жоғын @EgovKzBot арқылы тексере алатын болды. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалының директоры Асхат Жарылқасынов хабарлады.

«Кезекті еңбек демалысын алып шетелде демалуды жоспарлаған ел тұрғындары өзінің борышкерлер тізімінде тұрып немесе тұрмағанын тексеріп алғаны жөн. Өз мəртебесін азаматтар бірнеше əдіспен біле алады. Соның бірі – Telegram қосымшасының @egovKzBot қызметі. Пайдаланушы аталмыш қосымшаның бот қызметін таңдаған соң «Борышкерлер тізілімі жəне шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» бастырмасы арқылы жеке сəйкестендіру нөмірін енгізуі тиіс. Егер азамат борышкерлер тізімінде болмаса, автоматтандырылған ақпараттық жүйе ЖСН бойынша еш деректердің табылмағаны жайында хабарлама жолдайды. Аталғын қосымша арқылы саяхатқа бірге шығатын жақындарыңыздың да берешегін білуге болады. Бұл деректер өзіңізге қажетті ақпаратты сұратхан соң белгілі болады», -деді Асхат Жарылқасынов. 

Жауапты тұлғаның айтуынша, Өткен жылы іске қосылған Телеграмның бұл қызметін пайдаланушылар қатары бүгінгі таңда 300 мыңға жуықтап қалған. Бот қызметін пайдалану үшін ел азаматтары мобильді қолданушылар базасында тіркелуі міндетті. Қазіргі уақытта аталмыш базаға 6,8 млн адам өздері жайлы мəліметтерді енгізген көрінеді. 

«Сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар «Электронды үкімет» порталындағы өзінің жеке кабинеті арқылы салынған айыппұлдардың бар-жоғын тексеріп, қарызы анықталған жағдайда, электронды портал арқылы қарызын өтеуіне болады», - деп қосты филиал директоры. 

Естеріңізге салсақ, ел аумағынан тысқары шығуға шектеу - салық, айыппұл немесе өзге адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыз, алимент, сондай-ақ коммуналдық қызмет берешектері бар адамдарға қойылуы ықтимал.
21 мамыр 2019 ж. 662 0