Сыр бойында жерленген тарихи тұлғалар
Қазақ елінің ұлы рухын көтеру үшін оның тарихын білу бізге парыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды әлемдік құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы» деген ұлағатты сөзі бізге бағдаршам болуы керек. Иә, Отан тарихы өлке тарихынан бастау алады. Адамзат өркениетінің қалыптасуына негіз болған Еуразия даласындағы «Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінің дамуы мен өркендеуіне осында өмір сүрген сақ тайпалары және оның көсемдері, одан кейінгі заманда Қаңлы мемлекеті (Кангюй), Оғыз мемлекеті, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда мемлекеті, оның астанасы Сығанақ қаласының ықпалы зор болды.
Сыр бойынан шыққан тарихи тұлғалардың бір ерекшелігі – бұл өңірде батырлардың көп болғандығында. Мысалы Сыр бойы батырлары ең алғашқы болып Ресей империясының отарлау саясатына қарсы шыққаны бізге белгілі. Тарихқа үнілсек, 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханға келген Ресейдің елшісі, дипломат, шоқынған қазақ М.Тевкелевтің орыспен достық одаққа шақыруына түбегейлі қарсы болған осы Сыр өңірінің батырлары мен билері. Олар жаппас Баймұрат батыр Байбөріұлы (1690-1759), ағайынды Қожас әулиенің балалары батыр әрі би Бәби, Сырлыбай және Байғара. Осылай Ресей империясы отаршылдығының жаманшылығынан жиреніп, жақсысынан үйреніп келген Сыр өңірінің ержүрек халқы басына түскен қиын заманда да өзінің ұлттық кодынан айырылмай келді.
Сыр өңірінде көне және ортағасырлық қорым-пантеондарда біраз белгілі кісілер жерленген. Мәселен, Қармақшы ауданының Шірік-Рабат қаласындағы қорымда сақ көсемдері жерленген. Өкініштісі ол бабаларымыздың есімдерін білу қиын. Қармақшы ауданының Қорқыт баба қорымында әлемге белгілі Қорқыт баба, Қаракесек тайпасының ұранға шыққан батыры ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ақпан батыр, табын тайпасынан шыққан Сәрке батыр Өмірқұлұлы, ХІХ ғасырда өмір сүрген Өмірбай би, табын Байқадам батыр, алтын батыр Уәлі би Итенұлы (1798-1881), Байзақ би Уәліұлы (1867-1943), Топышбай сері Уәліұлы және т.б. жерленген. Шиелі ауданынындағы Оқшы Ата қорымында батыр, әулие Оқшы Ата, Есабыз, Ғайып ата, Қыш ата, Асан қайғы, Досбол би, Бала би сынды бабаларымыз жерленген. Жалағаш ауданындағы Үйғарақта 60 абыз әйел жерленген киелі жер болса, осы ауданда орналасқан Жент қаласында ХІ ғасырда өмір сүрген оғыздың қынық тайпасынан шыққан әйгілі Салжүк (Селжүк) қолбасшы (960-1038) жерленген. Селжүктің ұрпақтары жарты әлемді бағындырған сұлтандар болады. Сонымен бірге Жаңақорған ауданындағы Төлегетай-Қылышты ата қорымында билер мен батырлар жатыр. Хорасан ата қорымында әулие Хисаммиддин ата, ХVІ ғасырда өмір сүрген атақты баһадүр Қожамберді батыр Аманбайұлы, ХVІІ ғасырда өмір сүрген қыпшақ Қожамсүгір батыр, Құдайменді батыр, Кенжеғұл ата және т.б. жерленген. Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қаласы Ақ Орда хандары жерленген киелі жер. Мысалы Ерзен хан, Ұрыс хан (Орыс хан), Қойыршақ хан, Барақ хан және т.б. Жаңақорған ауданындағы Сығанақтан 8 шақырым жерде орналасқан Көккесене қорымында Алпамыс батырдың жұбайы Гүлбаршын сұлу, казақ-өзбек хандығының ханы Әбілқайыр хан Дәулетұлы жерленген. Сауран қаласында ХVІ ғасырда өмір сүрген найман тайпасының ұранға шыққан батыры Матай батырдың ұлы Қаптағай батыр жерленген. Жаңақорған ауданындағы көне Аққорған қалашығының маңайында әулиелер мен батырлар жерленген. Олар ХVІІ ғасырда өмір сүрген батыр, әулие Қарашайық, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қожа Төлек батыр, ХІХ ғасырда өмір сүрген қоңырат Көкен батыр және т.б.
Қармақшы ауданындағы Марал ишан қорымында 40 ишан, қалпелер жерленген киелі жер. Қармақшы ауданындағы Қарақ тауында атақты билер мен батырлар жерленген. Мысалы ХVІІІ ғасырда өмір сүрген әулие Жәрімбет би Солтанұлы, ХІХ ғасырда өмір сүрген Қожеке батыр, Қарақ батыр және т.б. Сырдария ауданындағы Қожжан қожа қорымы да әулие мен батырлар жерленген қасиетті жер. Олар Қожжан қожа, Қылыш қожа, «Көтімылтық» атанған Пірзада қожа, Бақмұхаммед қожа, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Сейіт батыр және т.б.
Қазалы ауданы Қызылқұм ауылындағы Жанқожа батыр қорымында жерленген Жанқожа батыр, жақайым шекті Қызылбас батыр-палуан, «тентек Сары» атанған Сары батыр және т.б. жерленген қасиетті жер. Сыр өңірі өзінің әдемі ландшафтымен тарихи-мәдени мұраларының молдығымен киелі екенін осыдан-ақ байқауға болады.
Бақытжан Ахметбек,
«Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі.