Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатерлі ісік тудырады: Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын қауіпті 5 зат

Қатерлі ісік тудырады: Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын қауіпті 5 зат

Discovery-дің Telegram-арнасы қатерлі ісікке шалдықпау үшін құтылуға тиіс заттардың тізімін жариялады деп хабарлайды slovodel.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ең қызығы бұл тізімге бір қарағанда қауіпсіз көрінетін заттар кірген.
Зерттеу авторлары формальдегид, триклозан немесе нафталин ісік тудыратын заттар қатарына жатады, алайда адамдар әлі де оларды пайдалануларын тоқтатар емес.
1. Химиялық тазалағыштар және ауа сергіткіштер

Олардың құрамында қатерлі ісік тудыратын ұшпалы заттар бар. Ауа сергіткіштің орнына эфир майларын пайдалануға болады. Оны дәретхана қағазының ішкі жағына тамызып қойсаңыз, хош иіс аңқып тұрады. Ал химиялық тазалағыштардың орнына табиғи қоспаларды пайдаланған жөн.
2. Тіс пастасы мен шайғыштар


Құрамдарындағы фторид пен триклозан адам ағзасында жиналады. Сондықтан құрамында олар жоқ пасталарды алған абзал.
3. Тефлонды жабындысы бар ыдыс-аяқ


Мұның тек сырылған ыдыстарға қатысы бар. Ысыған кезде зақымданған тефлонды қабат пертороктандық карбон қышқылын бөледі.
4. Ескі аяқ киім


Ескі аяқ киімде көптеген химиялық заттар, оның ішінде қорғасын бар. Зиянды бөлшектер даладан аяқ киіммен бірге келеді, оалрды иіскемеген жөн. Сондықтан киілмейтін аяқ киімді жуып, арнайы шкафқа тығып қойған дұрыс.
5. Нафталин


Ол адам ағзасына аса қауіпті. Қуанышқа орай қазір оны көп адам пайдаланбайды. Қазір күйеге қарсы табиғи лаванда негізіндегі заттар бар.
17 мамыр 2019 ж. 1 114 0