Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 4 СӘУІР

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 4 СӘУІР



Балықтар

Бүгін сыртыңыздан айтылатын алып-қашпа әңгімелерге назар аудармаңыз деп кеңес береміз. Көп уақытыңызды танымыңызды, біліміңізді кеңейтуге жұмсасаңыз, сіз үшін пайдалы іс осы болмақ. Ең бастысы, мақсатыңызға қол жеткізудегі ойыңыздан танбаңыз. 

Суқұйғыш

Бүгін жақсы ниетпен жаңа жоспарларыңызды жүзеге асыруды бастаңыз.Сіз үшін ерекше жайт, ол – өзіңіз армандаған оқу орнының түлегі атануыңыз әбден мүмкін. Бастысы, үміттерге демеу беретін жақсы істердің қасынан табылыңыз. Күн бүгін сізге сəтті болмақ.

Тауешкі

Сіз өте бірбеткей, қайсар жансыз. Бойыңыздағы осы қасиет сізді осы уақытқа дейін биіктерден көрінуге септігін тигізіп келе жатыр деп топшылауға болады. Жақын арада достарыңыздың ішінен өзіңізге ерекше көңілі бар жанды байқайсыз. Рухани дүниеңіздің толысуына көптеп көңіл бөліңіз.

Мерген

Бүгін тәуекел етіп, биік қадамдарға талпыныс жасаңыз, бұл сізді сөзсіз жетістіктерге жеткізеді деп сеніңіз. Армандарыңыз орындалар күн де алыс емес. Бастысы, қаржылық жағдайыңыз жақсаруы мүмкін. Көңіл-күйіңіз де бірқалыпты болады.

Сарышаян

Өзіңізге психологиялық қысым түсіре бермегеніңіз абзал. Өзіңізге мұнша психологиялық қысым түсірмей, тиісті жерлерге барып, жағдайыңызды түсіндіргеніңіз абзал. Жақын достарыңыз бен туыстарыңыздан көмек күтіңіз. Тұрмыстағы мәселенің бәрі реттеледі.

Таразы

Бүгінгі күнді сауапты іс жасаудан бастасаңыз, сіз үшін сәттілікпен басталғалы тұр. Отбасыңыз бен айналаңыздағы жандарға көбірек көңіл бөліп, сүйгеніңіздің көңілін аулаңыз. Кешке сізді сəтті кездесу күтіп тұр.

Бикеш

Кейбір бикеш белгісіндегілерге айтарымыз, егер әлі отбасын құрмаған болсаңыз, осы күннен бастап кірісіңіз. Осы сәттегі кездесулер үйлену тойына дейін апаруы мүмкін. Махаббат мәселесіне келгенде ақылдан бұрын жүрегіңіздің қалауына құлақ салыңыз. Кейде ақылға жүрек бағынбай жатады.

Арыстан

Бүгін күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Өздігіңізден шешуге тырыспай, сенімді адамдардың ақылына құлақ түріңіз. Сізді қуантарлық жағдай: сіз ұнатқан жанның өзіңізге деген сезімін байқайсыз. 


Шаян

Бүгін сізге қаржылық жағдайыңызды жақсартып, пайдалы іске жұмсауыңыз керек. Достарыңызбен жақсы қарым-қатынастың жеке өміріңізде де рөлі ойнайды. Жұмысы барлар, жұмысыңызды ауыстыруыңыз мүмкін. 

Егіздер

Бүгін досыңыздың берген уәдесіне сене берудің қажеті жоқ. Тығырықтан шығар жолды өзіңіз табуға тырысыңыз. Жауапкершіліктен қашпай, кез келген мәселеге бел шеше кіріскеніңіз абзал.

Торпақ

Бүгін қандай қиындық болса да, бейбіт жолмен шешіңіз. Бастысы, біреудің арандату мақсатында айтқан сөзіне сеніп қалмай, қандай мәселеде де ақылмен шешкеніңіз дұрыс. Жаныңыздан табылатын жандарға ниетіңіз адал болсын.

Тоқты

Бүгін көптен бері арманға айналған дүниеңізге қолжеткізуіңіз мүмкін. Электроника әлемінен бір сәт қол үзіп, табиғат әлеміне саяхат жасаңыз.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 
04 сәуір 2019 ж. 1 309 0