Автокөлік өртінен сақ болыңдар !
Аудан көлемінде 2019 жылдың 3 айында автокөліктерде 2 өрт оқиғасы орын алып отыр.Өрттердің шығу себептеріне келетін болсақ, автокөлік иелерінің өз дүниелеріне немқұрайлықпен қарап, қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр.
Автокөлік саны артқан сайын автомобильдегі өрт саны жоғарылап, мұндай жағдайлар әдеттегі оқиғаларға айналып барады. Бәріміз білетіндей автокөліктер өте тез жанады және меттал тапсыратын орынға тапсыру үшін бірнеше минуттың өзі жеткілікті. Егер автокөлікте қосымша бензин құйылған канстир, синтетикалық әртүрлі материалдар болса 1,5 минуттың ішінде-ақ толық жанып кетеді. Кейде сұйық отын құбырына жеткенше сымдар жүйесі бықсып жалын көрінбей жасырын және кідірген түрде өрт пайда болады. Егер автокөлік, көліктер жинақталған орында тұтанса, әсіресе көлікті басқа көліктерден алшақтату мүмкін болмаса, онда өрт қауіптілігі жоғарылайды.
- электр тоқ жүйелері және қондырғылары зауыттан шығарылған болуы тиіс;
- қозғалтқыш пен астынғы қорғағыш жанармай дан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;
- автокөлік ( жеңіл автокөлік-ОП-1, «Газел» автокөліктері-ОП-3,автобустар-ОП-5 және алысқа жол жүретін автобустар ОП-5 -2 дана) отбасқыштармен қамтамасыз етілуі қажет;
- аккумулятордан электр тоғын ажырататын қондырғы (трамблер) ақаусыз жұмыс істеуі керек;
-жолаушыларды тасмалдайтын автокөлік жүргізішісі өрт-техникалық минимумнан өтуі керек.
Қатаң тиым салынады:
- қозғалтқышты ашық отпен (паяльная лампа)қыздыруға;
- қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;
- жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;
- автокөлік ішінде темекі шегуге;
- автокөлік ішіне жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;
- аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға;
- қозғалтқышты бензин немесе дизель маймен жууға;
Есіңізде сақтаңыз !
Құрметті жүргізушілер! Қайғылы жағдайларға жол бермес үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112», 4-25-76 телефон номерлеріне хабарласыңыз.
Өрт-тілсіз жау екенін ұмытпаңыз !
Шиелі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі