Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытатын компаниялар анықталды

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытатын компаниялар анықталды


​​​​Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік отандық инноваторлардың жобаларына қолдау көрсететін 3 бизнес-инкубаторды анықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсететін бизнес-инкубаторларды іріктеу байқау арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде тәуелсіз комиссия шешімімен «BeInTech», «Клуб молодых предпринимателей», «SmArt Point Almaty» компаниялары жеңіске жетті.
Енді Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік олармен 3 жылға келісімшарт жасап, қаржылық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Сондай-ақ агенттік аталған компаниялардағы жобалардың шығыстарын 50%-ке дейін қаржыландырады.
Әрбір бизнес-инкубаторға жылына 35 млн теңгеден аспайтын қаржы құйылады. Қаржы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бөлінеді.
Сонымен қатар келесі жылы аталған 3 бизнес-инкубатордың резиденттері 50 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігі бар.


06 қазан 2018 ж. 1 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31