Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан қор биржасы Startup жобалары үшін жеке алаңдар ашпақ

Қазақстан қор биржасы Startup жобалары үшін жеке алаңдар ашпақ

Сарапшылардың мәлімдеуінше, мұндай қадамдар Startup жобасын жаңа көкжиекке шығарудың тиімді жолы болмақ. Яғни инновация саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер әлеуетті инвесторлармен онлайн режимінде кездесе алады. KASE Startup платформасының жұмысына жеке инвесторлар және тікелей инвестициялық  қорлар да қатыса алады. Startup компаниялары бизнестегі жетістіктерін дәлелдеді, сондай-ақ қазақстандық қор биржасының талаптарын қанағаттандырды. Олар өздерінің жаңа жобаларымен ірі бизнес өкілдерін қызықтыра бастады. Бұл IT-дамыту, қаржылық технологиялар және энергетика саласындағы жобалар.  Евгений Мұхамеджанов, Қазақстан қор биржасының басқарушы директоры: - Байқап отырсақ, бұл жобаларға деген қызығушылық өте жоғары. Қазірдің өзінде 60 қолданушы тіркеліп үлгерді. Олардың елуі Startup компаниясының өкілдері десек, оны инвесторлар. Біз алғашқы стартаптарды тіркеуге кірісіп кеттік. Қазір біздің алаңдарға төрт жоба кірді. Біз олардың деңгейі жоғары екенін көріп отырмыз. Стартаптарды қаржыландыруға сұраныс шамамен 80 млн теңге.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 941 0