Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Кімдер жеңілдікпен үй ала алады?

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Кімдер жеңілдікпен үй ала алады?

«Отбасы» банкі осы жылы сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Кімдер жеңілдікпен үй ала алады?
Фото: depositphotos.com

Ипотекалық бағдарламаның әзірге нақты шарттары белгіленбеген. Белгілісі тек көпбалалы отбасы мен әлеуметтік осал топқа жататын жетім балалар, мүгедектігі бар тұрғындар үшін баспана 7 пайыз көрсеткішпен беріледі.
Қалған санаттағы адамдар 9 пайыздық көрсеткішпен үй алуға құқылы. 
Алматы мен астаналықтар ең жоғары сомасы 30 миллион теңгеге дейін ипотекалық несие рәсімдей алады. Шымкент қаласын қосқанда мегаполистіктер бастапқы үй нарығынан ғана баспана алуға мүмкіндігі бар. Ал қалған өңірлер: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен тұрғындарында бұл көрсеткіш - 18 млн теңге. Өңір тұрғындары бастапқы, екінші нарықтағы үйлер мен жеке сектордағы үйді ипотекаға алу мүмкіндігі қаралған.
Осылайша жаңа ипотекалық бағдарлама моноқалаларда ғана емес елдің барлық аймағын қамтымақ.
15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке Қазақстанда, оның ішінде ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін жаңа қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған болатын.
18 наурыз күні Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңа ипотекалық бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады. Жаңа бағдарлама аясында алғашқы жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотека мерзімі әлі белгісіз.
Ипотека рәсімдеуге:
  • жұмыс істейтін жастар;
  • жас отбасылар;
  • тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • «Отбасы Банкінің» салымшылары;
  • моноқала, облыс орталықтарының, сондай-ақ ауылдық елді мекен тұрғындары өтініш бере алады.

19 наурыз 2024 ж. 1 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031