Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «11 АЭФ: ХХІ ғасырдағы қауіп-қатерлер және Қазақстан»  деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиынға белгілі саясаттанушылар мен сарапшылар қатысып, Астана экономикалық форумы туралы өз ойларын ортаға салды.
Бас қосуды Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің жа­нын­дағы Қазақстан страте­гия­лық зерттеулер институ­ты­ның ди­ректоры Зарема Шауке­но­ва ашып, жүргізіп отырды. Оның айтуынша, Астана эко­но­ми­ка­лық форумы Қазақ елінің өсіп өр­кендеуіне тікелей әсер етеді. Сон­дықтан да ол аталған форум­ды ұйымдастыру­дың маңызы зор екенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ жиында Пре­зи­дент жанындағы Қазақ­стан­ның стратегиялық зерттеу­лер инсти­ту­ты (ҚСЗИ) дирек­то­ры­ның орын­басары Санат Көшкім­баев сөз алып, өз ойын білдірді. Оның ай­туынша, атал­ған форум ал­да­ғы 3 жылға даму­дың болашақ ұлт­тық страте­гиясын айқындауға мүмкіндік береді.
– XI Астана экономикалық фо­румы Қазақстан үшін маңыз­ды оқиғалардың бірі, себебі бұл ша­ра жаһандық экономика тиіс­ті турбуленттілікті сезініп отыр­ған кезеңде өткізіліп келеді. Жал­пы, халықаралық жүйе де тұ­рақсыздау және жаңа сын-қа­терлер белең алуда. Қазақстан осы сын-қатерлерге жауап із­деу­де, сондай-ақ сақтандыру­шы те­тік­терді пайдаланып келеді. Форум жаһандық деңгей­де да­мудың болашақ стратегия­сын айқындау бойынша Қазақ­стан­ның осы ауқымды пікіралмасу­дың қатысушысы екенін көр­се­тіп отыр. Оның ішінде АЭФ мақ­­­­­­сатына экономикалық да­мудың ұлттық стратегияларын жаһандық күн тәртібімен үй­лес­тіру кіреді. Бүгінде әлемнің өз­ге­ріп жатқа­нын көріп отырмыз. Сон­дықтан Қазақстан үшін үй­ле­сімді дамумен қатар, алды­мыз­да тұрған экономикалық сын-қатерлердің алдын алу маңызды болып тұр. Сәй­кесін­ше, АЭФ-тің қорытынды пі­кі­рал­­масулары қазақстандық са­рап­шылар мен саясаткерлерге ал­дағы 2-3 жылға дамудың бола­шақ ұлттық стра­тегиясын ай­қын­­дауға мүмкін­дік береді, – дей­ді ол.
Жалпы, дамушы мемлекет­тер­де цифрландыру жұмыстары жы­лына 25 пайыз қарқынмен өсіп келе жатыр. Бұл туралы Эко­номикалық зерттеулер инс­титу­ты­ның Стратегиялық әзірлеме­лер және экономикалық зерттеу­лер орталығының директоры Ба­қыткүл Қамбар жан-жақты ай­тып берді.
– Биылғы Астана экономи­ка­лық форумы әлемдік сын-қ­а­тер­лерге арналайын деп отыр. Қа­зіргі жаһандық тенденция­лар­ға келетін болсақ, цифрлан­дыру мен жаңа технологияларды айтпай кетуге болмайды. Менің ойым­ша, форумдағы баянадама­лар­дың басым бөлігі цифрлан­дыруға байланысты болады. Се­­­бебі, жаһандық тенденция­лар­ға мән беретін болсақ, цифрлан­дыру жүйесі жылдан – жылға да­мып келе жатыр. Кейбір са­рап­шылардың айтуынша, соңғы екі жылда ғаламдық мәліметтердің мөлшері 90 пайызға жеткен екен. Дамушы мемлекеттерде циф­р­ландыру жұмыстары жылына 25 пайыз қарқынмен өсіп келе жа­тыр. Сондай-ақ әлемдегі эко­но­ми­калық үрдістер жаңа бағытқа ауы­­са бастады. Сондықтан да форум­да экономикалық үдеріс­тер­­ге байланысты талқылаулар бо­лады. Мысалы, былтырғы фор­­­умда Қазақстан­ның 2025 жыл­ға дейінгі стратегиялық даму жос­пары талқыланған. Аталған жиын­да цифрландыру бағ­дар­ла­ма­сына қатысты ұсыныстар ай­тылды. Ал биылғы форумда әлем­­дік деңгейдегі ғалымдар мен саясаткерлер тарапынан жақ­сы ұсыныс айтылатын болса, ол міндетті түрде іске асады де­ген сенімдемін, – дейді ол.
Еуразиялық интеграция инс­титутының аналитикалық зерт­теулер департаментінің дирек­торы Дәурен Ермекұлы форум­ның мәні мен маңызына тоқтал­ды. Мәселен, ол әлемдік деңгей­де­гі шетелдік саясаткерлердің жиын­­ға келуі үлкен абырой еке­нін айтады.
– Астана экономикалық фо­ру­мына шет елдік жетекші сая­сат­керлер мен танымал ғалым­дар қатысып, өз ой пікірін білді­ре­тін болады. Біз осы форумда ай­­тылған құнды пікірлерді жи­нақ­тап, ел дамуына пайдалана­тын боламыз. Өйткені жиынға әлем­нің ең үздік 500 сарапшысы қа­тысқалы отыр. Олардың ішін­де Францияның экс-президенті Франсуа Олланд сынды мықты сая­саткерлер мен ғалымдар бар. Форум­ның пайдасы туралы ай­татын болсақ, 2017 жылы прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев Үшін­ші жаңғыру және төртінші өнер­кәсіптік революция туралы айтқан болатын. Жалпы біз әлем­дік деңгейде болып жатқан да­мудан бөлек, өз бетімізше өсіп-өркендей алмаймыз. Бола­ша­ғымыз жарқын болуы үшін әлем­де болып жатқан жаңалық­тар­дан хабардар болып отыруы­мыз керек. Мәселен, біз Елбасы айт­қандай дамыған 30 мемле­кет­тің қатарына кіргіміз келсе, осын­­дай ауқымды эконо­ми­ка­лық форумдар ұйымдастырып отыруымыз қажет. Тоқсан ауыз сөз­дің тобықтай түйіні, қандайда бір мемлекет ХХІ ғасырда тұйық­­талып, жеке дара дами ал­май­ды, – деді ол.
Дөңгелек үстелде бас қосқан са­рапшылар халықаралық дең­гейдегі форумның мәні мен маңы­зына тереңірек тоқталды. Өйт­кені олар мамырдың 17-18 ара­лығында өткелі отырған Ас­тана экономикалық формуының ел дамуына айрықша ықпалы бар екенін айтады.
Серік ЖОЛДАСБАЙ
05 мамыр 2018 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930