Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жөргек шығаратын алғашқы зауыт ашылды

Қазақстанда жөргек шығаратын алғашқы зауыт ашылды

Түркістан облысы Сайрам ауданында ересектер мен балаларға арналған жөргек шығаратын алғашқы зауыт ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Жобаны «Royal Hijyen» түрік компаниясы Түркістан облысының «CaPable Group» мүгедектер қоғамымен бірлесіп жүзеге асырады. Оған ҚР СІМ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, «Kazakh invest» ҰК» АҚ, сондай-ақ өңір әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Қазақстан экономикасына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3 млн долларды құрады.
Салтанатты шараға ҚР Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов, түрік компаниясының басшылығы және т. б. қатысты.
Зауытта 50-ге жуық жұмыс орны ашылады. Айта кетейік, жоба әлеуметтік мақсатта ашылған. Фабрикада жұмыс істейтін адамдардың 60%-ын ерекше қажеттіліктері бар адамдар құрайды.
Инвестордың айтуынша, өндірістің бірінші кезеңінде балаларға арналған, ал екінші кезеңінде ересектерге арналған жөргек шығарылады. Сонымен қатар, жылына 100 млн дана жаялық шығарып, толық қуаттылыққа шыққаннан кейін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспортқа шығу жоспарланып отыр.
«Бұл отандық экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді», деп жазылған «Kazakh invest» баспасөз хабарламасында.

https://egemen.kz​​​

30 қыркүйек 2021 ж. 3 103 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930