Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде алюминий қымбаттады. Қазақстан осы металды экспорттайды

Әлемде алюминий қымбаттады. Қазақстан осы металды экспорттайды

Әлемдік нарықта алюминий қымбаттап, 10 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. Лондон биржасында металдың үш айдан кейін жеткізілетін вьючерстерінің тоннасы 2770 долларға саудаланған. Үш күн бұрын 2726 доллар еді. Сарапшылардың көбі бағаға Гвинеядағы төңкеріс әсер етті деген болжам айтады. Қазақстан да бұл металды экспорттаушылардың қатарында. Жыл басынан бері елден 120 мың тоннадан астам аллюминий экспортталды. Оның жалпы сомасы 250 мың доллардан асады. Металды негізінен Түркия, Грекия, Хорватия, Черногория және Өзбекстан елдері импорттайды. Биыл алты айда Түркияға 66 мың тоннадай, Грекияға 18, Хорватияға 15 мың тоннадай алюминий жеткізілген. Черногорияға 10 Өзбекстанға 3,8 мың тонна сатылыпты. Жалпы жыл басынан бері алюминий 40 процентке қымбаттаған. Сарапшылар Гвинеядағы төңкеріс оның құнын одан әрі шарықтатып жіберуі мүмкін деп алаңдайды. Себебі әлемдік өндірістің төрттен бірі осы елдің үлесінде.

https://24.kz​​​
08 қыркүйек 2021 ж. 1 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930