Ақмола облысында жаңа сүт фермасы іске қосылады
Ақмола облысы еліміздің ірі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. Астық өндірумен қатар мал шаруашылығы саласын да, соның ішінде бағыттардың бірі – сүтті мал шаруашылығын да дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда Ақкөл ауданында қуаттылығы 300 бас болатын жаңа сүт фермасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
«Ақкөл Агро» серіктестігі ішкі нарықты сапалы әрі табиғи өніммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 40 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды. «Сүт фермасының құрылысы өткен жылы басталды. Бір миллиард теңгеден астам сомаға сиыр сатып алуды жоспарлап отырмыз. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында олардан сүт алынатын болады. Ақмола және Павлодар облыстарында сүт өнімдеріне сұраныстың жоғары екендігі байқалады», - деп атап өтті «Ақкөл Агро» ЖШС директоры Мәди Есқараев. «Ақкөл Агро» жақын арада ауданның ірі сүт фермаларының біріне айналуды жоспарлап отыр. Алдын ала жоспар бойынша шаруашылықтың қуатты 500 тоннадан астам сүт шығаруға жетеді. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы саласында сүт өндірісін дамытуға айтарлықтай септігін тигетін болады. Сүт фермасының құрылысы жыл соңында аяқталады. Жақын арада Еуропадан симментал тұқымды сүтті сиырларды әкелу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың басынан бері өңделген сүт көлемі 31,9 мың тоннаны құрады, 241 тонна сары май, 281 тонна ірімшік пен сүзбе, 1,6 мың тонна ашыған сүт өнімдері өндірілді.
https://www.inform.kz