Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұздан жасалған «таққа» отырып суретке түспек болған әйел теңізге ағып кетті

Мұздан жасалған «таққа» отырып суретке түспек болған әйел теңізге ағып кетті


Исландияда АҚШ-тан келген турист Джудит Стренг суретке түсу үшін мұзтаудан жасалған «таққа» отырамын деп теңізге ағып кетті. Бұл туралы ABC арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Йёкюльсаурлоун мұзды мүйісінде орын алған.
«Ол отыруға ыңғайлы болып қатып қалған екен... «Тамаша, бұл қызық болар еді», - деп ойладым. Мұзтаудың үстіне шыққанда, ол теңселе бастады және толқын жақындап келе жатқан еді», - дейді Стренг.
Оқиға орнына жақын жерде жүрген флоридалық капитан Рэнди Ланконттың көмегімен әйел шұғыл түрде құтқарылды.
Stan.kz
04 наурыз 2019 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31