Болашақта адамзатты не күтіп тұр?
Әйгілі ағартушы ғалым, Курцвейн, 20 жыл аралығында, болашақ жайлы бірнеше кітап жазған. Сол кітаптардағы мәліметтерді, және лекциялары мен интервьюларын жинастырғанда, әр жылға болжау жасау болады. Біз сол болжауларды топтастырып, сіздерге дайындадық.
2019 – Компютерлер мен ұялы телефондар, сымдармен кабельдерсіз қолданылатын болады.
2020 – Дербес компютерлердің есептеу күші, адам миының қуаттылығымен теңдеседі.
2021 — Америка Құрама Штаттары мен Еуропа адамдар мен роботтардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдарды қабылданатын болады. Роботтардық тұрмысы, құқықтары мен шектеулері ұйымдастырылып, заңды түрде бекітілетін болады.
2022 – Көліктердің интелектуалды компютерлермен жүктелуі міндетті болады. Адамдарға интелектуалды компютерсыз көліктерді айдауға тиым салынады.
2023 – Денеге енгізілетін гаджет-импланттар пайда болады. Және оларды сату-сатып алу жаппай — нарығы пайда болады.
2028 – Арзан күн електр энергиясы, адамзаттың электр энергиясы қажеттілігін түгелімен қанағаттандырады.
2029 – Адам санасына 100 процентке ұқсас компютерлер пайда болады, бұл адам миының компютерлік модельдеу технологиясы арқылы қол жеткізіледі.
2030 — Өнеркәсіптік нанотехнологиялардың дамуына байланысты, тағам өнімдерінің бағасы айтарлықтай төмендейді.
2031 – Адам мүшелерін 3D принтер арқылы басып шығару, барлық ауруханаларда пайда болады.
2032 – Нанороботтар медициналық мақсаттар үшін пайдаланылатын болады. Олар адам клеткаларына нәр жеткізуге және қалдықтарды жою үшін қолданылатын болады.
2033 – Өзін-өзі жүргізетін, яғни автопилоты бар көліктер жолдарда кеңінен тарайды.
2034 – Жасанды зерделі роботтың пайда болуы.
2035 – Ғарыштық техника дәрежесі, жерді астеройдтардан тоқтамсыз қорғауға жеткілікті болады.
2036 – Биологияның даму салдарынан, адам ағзаны емдеуге үйретілген жасушалар жасалынатын болады.
2037 – Адам миының құпиаларын зерттеудегі үлкен жетістіктер. Адам миының жұмыс істеу сырлары бейімделініп, олар компютерлерде қолданылатын болады.
2038 – Тұңғыш роботталған адамдардың, яғни киборгтардың пайда болуы.
2039 – Басқармалы наноимпланттар миға енгізілетін болады, олар адамның дүниені сезу жүелеріне әсер етеалатын болды. Яғни, бұл адамның виртуалды дүниеге толық кіруін білдіреді.
2041 – Ғаламтордың жылдамдығы бүгінкүнге қарағанда 500 млн. есе жоғары болады.
2042 – Мәңгілік өмірдің тұңғыш улеуетті іске асу түрі – ауруларға қарсылықты бірнеше рет күшейтетін жүздеген нанороботтардың көмегімен, адам өмірі ұзартылады.
2043 – Нанороботтар арқылы, адам ағзасының кез келген мүшесін, әлдеқайда тиімдірек кибермүшеге ауыстыру мүмкін болады.
2044 – Биологиялық емес, яғни кибер зерде, қарапайым зердеден әлдеқайда ақылдырақ болады.
2045 — Техникалық сингулярлықтың тұрақтануы. Жердің үлкен бір компютерге айналуы.
2099 – Техникалық сингулярлаудың бүкіл ғарышқа таралуы.
Кей кезде бұндай болжамдарға сену қиын. Бірақ, егер біз қоғам дамуының орасан қарқыны назарға алатын болсақ, бұндай болжамдардың орындалуы ықтимал екені анық, ал, бізге тек оны бақылау ғана қалды.
ZHAZAR.KZ