Ер адамдарға жүрегінің саулығын тексеруге мүмкіндік беретін қарапайым әдіс табылды
Гарвард университетінің ғалымдары ер адамның жүрегінің саулығын тексерудің қарапайым әдісін тапты. Анықталғандай, ол үшін ер адамдарға жерден кеудесін көтеру жаттығуын жасау жеткілікті.
Бұл туралы Jama Network Open журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ғалымдар өткізген тестілеуге 18-66 жас аралығындағы 1000-нан аса ер адам қатысты. Олар АҚШ-тың Индиана штатында өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. Ер адамдардың бәрінің аздаған артық салмағы болыпты.
Дәрігерлер 10 жыл бойы олардың денсаулығын бақылап, қатысушыларды жерден кеудесін көтеру бойынша жасаған жаттығуының көрсеткішіне қарай 5 топқа бөлген.
Анықталғандай, бұл жаттығуды 10-нан артық жасай алмайтын ер адамдар жүрекке қатысты қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Ал жаттығуды 11-20 аралығында жасай алған ер адамдардың жүрек денсаулығына байланысты қиындықтарға шалдығу қатері – 64 пайыз. Кеудесін жерден 40 реттен аса көтере алатын ер адамдарда жүрек ауруларына шалдығу қатері 2 есе төмен.
Stan.kz