Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » 2019 жылы екі бүктелетін смартфоныңыз болады

2019 жылы екі бүктелетін смартфоныңыз болады

Қазіргі таңда бүкіл әлем дамыған технологияның көмегіне көп жүгінеді. Яғни, әр уақытта пайда болып жатқан құрылғылар адамдардың күнделікті тіршілігін жеңілдетуге үлкен көмек көрсетеді.  Дүниежүзіндегі жаңалықтар ешқашан тоқтаған емес. Сол сияқты әрдайым гаджеттердің де жаңа үлгілері пайда болып жатады. Сондықтан, бүгін біз Сіздерге 2019 жылы шығатын үздік гаджеттер тізімін ұсынамыз.
1. Samsung Galaxy Flex икемді смартфоны Гаджет Galaxy F атауын алады және екі негізгі экран болады. Экранның сыртқы жағын қолданғанда қарапайым смартфон болып жұмыс істейді, ал оны ашқан кезде пайдаланушы екі экранды шағын планшет ретінде қолдана алады.Samsung ұсынатын смартфон 2019 жылдың наурыз айында шығады және бағасы 1 770 АҚШ долларынна тең болады деп күтіліп отыр. 
2. Microsoft Holens-2 Microsoft HoloLens – бейнелі қосымшалармен шынайы әрекеттесуге мүмкіндік беретін көзілдірік. Microsoft HoloLens-тің бірінші нұсқасы жылдың басында, ал екінші нұсқасы 2019 жылдың екінші жартысында шығады деп жоспарлануда. Екінші нұсқа түпнұсқаға қарағанда мықтырақ, яғни оның өз қуатымен жұмыс жасау уақыты бірінші HoloLens-қа қарағанда әлдеқайда көп болады. Сондай-ақ, 2 жасанды интеллект жүйесіне арналған жеке процессоры бар гаджеттің бағасы – 3000 АҚШ долларына тең. Айта кетейік, HoloLens бастапқы үлгісін осыдан үш жарым жыл бұрын ұсынған екен.
3. Экраны алмаздан жасалған смартфондар Алмаз экраны бар алғашқы смартфон 2019 жылы шығады! Америкалық Akhan Semiconductor смартфондарының алмаз дисплейлері қазіргі экрандарға қарағанда алты есе берік және он есе төзімді болатын технологиямен әзірленеді. Қазіргі таңда смартфонның жұмыс қабілеттілігіне көз жеткізу және сенсорлық экрандармен дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін өндірушілер құрылғыны сынақтан өткізуде. Сондай-ақ, зерттеушілер күн астында немесе жарық көздері көп жерлерде құрылғыны пайдаланғандағы шағылысу қасиеттерін азайтумен айналысып жатыр.
4. «The Last Of Us Part II» бейне ойыны «Қорқынышта өмір сүру» жанрындағы The Last Of Us ойыны алғаш рет 2013 жылы шықты және бірден оң пікірлерге ие болды. «Metacritic» әлемдік рейтингінде ол 100-ден 95 ұпай жинаған, бұл «жалпының бірдей мойындауы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, бір жыл ішінде ойынның 7 млн. көшірмесі сатылады екен.
5. 5G интернет жылдамдығын қолдайтын смартфондар 2019 жылы 5G дәуірі басталады және сымсыз желілерде деректерді беру жылдамдығы 1-2 Гбит/с деңгейіне дейін жетеді, бұл сымды интернетке қарағанда 10-20 есе жылдамырақ. Сарапшылардың айтуынша, 2024 жылға қарай мобильді трафиктің 20%-ы 5G қолдайтын құрылғылар арқылы өтеді. Мұндай смартфонның алғашқы үлгісі ақпан айында Барселонада өтетін «MWC 2019» көрмесінде «OnePlus» брендімен ұсынылады.
6. 5G интернет жылдамдығын қолдайтын ноутбуктар 2019 жылдың соңына қарай пайдаланушылар 5G модемін қолдайтын ноутбук сатып ала алады. Ноутбуктарға арналған 5G модемдерін Intel компаниясы әзірлейді. Ондағы негізгі мақсат – ең жоғары гигабитті жылдамдықты қолданысқа енгізу.
7. Алғашқы Porsche Taycan электромобилі Электромобиль жасау бүкіл әлем бойынша қарқын алып келеді. Сондықтан, Porsche де 2019 жылы өзінің «Тaycan» электрокөлігінің сатылымын бастайды. Taycan қолданыстағы көлікті бейімдеу арқылы емес, басынан электромобиль ретінде әзірленген. Электромобиль өндірісі 2019 жылдың ортасынан кейін басталады. Бастапқыда өндірушілер жыл сайын 20 мың электромобиль шығаруды жоспарлап отыр, алайда алдын ала тапсырыстар берілсе, көлік саны 30 мыңға дейін көбейуі мүмкін. 800 вольт тоқ күшімен қуаттау жүйесі орнатылатын электромобиль 20 минут ішінде 400 шақырымға жететін қуат алады, ал толық қуатпен 480 шақырым жүруге болады.
8. Алғашқы Harley-Davidson LiveWire электромотоциклі Мотоциклдің жылдамығы 4 секундта 100 км/сағ. дейін жетеді және бір толық қуатты аккумуляторлармен 80 шақырым жүре алады. Harley-Davidson LiveWire ұсынған электромотоциклдің техникалық сипаттамалары: қозғалтқыш — 55 кВт, салқындату – май күшімен, қуаты — 74 ат күші, дөнгелектерінің биіктігі — артқысы 43 см және алдыңғысы 45 см және салмағы — 210 келі. Міне, 2019 жылы шығатын жаңа гаджеттердің үздік деп танылғаны осылар. Әрине, бұлар тек жарияланғаны ғана, әлі де гаджет саласында жағымды жаңалықтар көп болуы әбден мүмкін. Біз сол жаңалықтың барлығын осында ұсынып отыратын боламыз.
Дайындаған: Б.Ерман, ERNUR.KZ.

Massaget.kz
09 ақпан 2019 ж. 80 0

Соңғы жаңалықтар

Спорттағы серпін

Спорттағы серпін

20 сәуір 2019 ж.
Бүркітші қыз

Бүркітші қыз

20 сәуір 2019 ж.

Қоғам

Бүркітші қыз
20 сәуір 2019 ж. 34

Ақылды киіз үй

20 сәуір 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (8680)

19 сәуір 2019 ж.

№28 (8679)

15 сәуір 2019 ж.

№27 (8678)

13 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам