Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяз атаның сыйлығына көңілі толмаған бала полиция шақырды

Аяз атаның сыйлығына көңілі толмаған бала полиция шақырды


Германияда 9 жасар бала Рождествоға орай алған сыйлықтары ұнамай қалғандықтан полиция шақырды.


Бұл туралы NDR.de басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға Цетель қаласында орын алған. Қоңырау түсірген үйге келген полицейлер ашуланып отырған баланы көріпті. Өз кезегінде 9 жасар бала рождестволық сыйлықтың дұрыс берілмегенін айтып шағымданған. Ол мерекеде басқа сыйлық алғысы келгенін айтты.
Мұнан кейін офицерлер баланың қалаған заттарын жазған тізімі мен шыршаның астындағы сыйлықтарды салыстырып, олардың арасынан сәйкестік таппапты. Олар балаға Санта-Клаустың қартайғаннан ұмытшақ бола бастап, сыйлықтарды шатастырып алғанын айтып тыныштандырды.

Stan.kz
30 желтоқсан 2018 ж. 1 076 0