Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің ең бай жастары

Әлемнің ең бай жастары



Forbes журналы 30-ға толмаған жастар арасынан 2018 жылы ең көп кіріске кенелгендер тізімін жасады.

Тізімді 21 жастағы Кайли Дженнер бастады. Ол биыл $ 166,5 миллион ақша тапқан. Кірістің көп бөлігін оған өзінің Kylie Cosmetics аталатын бренді алып келді. Компанияның құрылғанына биыл бар-жоғы 3 жыл толған еді. Оның ісі осындай қарқынмен жетіле берсе, әлемдегі ең жас миллиардер атануға мүмкіндігі зор.
Екінші орын Эд Ширанға тиесілі. 27 жастағы британиялық музыкант $ 110 миллион тапқан. Алғашқы үштікті 26 жастағы бразилиялық футболшы Неймар ($ 90 миллион) қорытындылады.
Ең бай жастар тізіміне әнші Тейлор Свифт ($ 80 миллион), музыкант The Weeknd ($ 57 миллион), "Хьюстон Рокетс" командасының баскетболшысы Джеймс Харден ($ 46,4 миллион), The Chainsmokers тобының диджейі Эндрю Таггарт ($ 45,5 миллион), боксшы Сауль Альварес ($ 44,5 миллион), квотербек Дерек Карр ($ 42,1 миллион) және гольфшы Джордан Спит ($ 41,2 миллион) енген.
massaget.kz
07 желтоқсан 2018 ж. 1 663 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 79

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930