Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мароккода викингтер жарысы өтті 

Мароккода викингтер жарысы өтті 

Марокконың Сахарамен шекаралас Мергуза қаласында викингтердің ерекше жарысы өтті. Спорттық дода шөлді жерде ұйымдастырылды. Шет елден келген 80 қатысушы 30 градус ыстықта құмды жерде жүгіру, кедергілерден өту және 10 шақырым қашықтықты артта қалдыру сияқты спорттық ойын түрлері бойынша бәсекеге түсті. Үш күнге жалғасқан шараға жауынгерлердің киімін киген актерлер де жұмылдырылды. Ұйымдастырушылар осылайша өңірге Скандинавия елдерінен келген туристердің санын артыруды көздеп отыр. Осы жолы турнирге Данияның өзінен ғана 26 адам келген екен. Томас Бредвиг, Даниядан келген турист: - Мен тарих пәнінің мұғалімімін. Мароккоға баратынымды білгенде қатты қуандым. Өйткені бұл тарихи мекен. Атлантика жағалауында ежелгі викингтердің кемелерін көрдім. Бабаларымыздың ежелде осы жерде болғанын білемін. Олардың ерлігін мақтан тұтамын. Бұл мен үшін маңызды оқиға.

www.24.kz
19 қазан 2018 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930