Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 ЖЫЛЫ ӘЛЕМДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

2018 ЖЫЛЫ ӘЛЕМДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?


Тауық жылы әлемдік саясатта тұрақтылық әкелді ме? Рас, жаңалықтарға толы кезең болды. Шиеленіскен халықаралық жағдайды реттеуге қатысты әрекеттер жасалынды. Соның ең бастысы, Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты тұрақты түрде өткен Астана процесін айтуға тиіспіз. Шындығында, халықаралық саясатта үнемі диалог орталығына, келіссөз алаңына айналған Астананың қазіргі таңда рөлі барған сайын артып барады.

Біз мұны жоққа шығара алмаймыз. Қайта қуануымыз керек.
Бірақ әлемде алаңдайтын нәр­се көп. Келер жылы қалай бол­мақ? Әлемдік дағдарыс тоқтай ма? Мұнайдың көзіне байланған елдердің қазынасы ортая ма? Әлем­нің қай түкпірінде тағы да соғыс өрті тұтануы мүмкін? Сұрақ көп. Қазірдің өзінде әлемнің танымал сарапшылары «келер жылы қандай саяси оқиғалар орын алуы мүмкін?» деген сауал­-ға жауап іздей бастады. Болжамға назар аударсақ, мазалайтын мәселелер бар. Әлем­дік эконо­мика қаншалықты өсім береді? Қуа­нарлық болжам бар ма? Атап өтер­лігі, құрамына әлемнің 35 алпауыт елін бірік­ті­ретін Экономикалық ынтымақ­тас­тық және даму ұйымының са­рап­шы­лары 2018 жылдың қайы­рымы үлкен болатынын болжап отыр. Сарапшылардың айтуына қара­ғанда, келер жылы әлемдік эко­номика 3,6 пайыз өсім береді. Жұмысқа орналасатындардың қа­­тары көбейіп, жұмыссыздар­дың саны азаяды. Экономика-лық ынтымақтастық және даму ұйымы­ның бас хатшысы Анджел Гаррианың айтуына қарағанда, әсіресе, Германияның экономи­ка­сында 2,3 пайыз өсім байқа­ла­ды. Франция мен Италияның эко­­­номикасы 1,5-1,8 пайызға көтеріледі. Бірқатар елдердің экономикасында аздаған өсім көрін­генімен, сарапшылар атап көр­сет­кендей, бұл салада әлемде тұ­рақтылық байқала қоймайды. Мұ­ның да үлкен себебі бар. Мұ­най бағасының төмендеуі мен қаржы секторындағы тұрақсыз­дық, сонымен қатар сауда-сат­тықтағы санкциялық кедергілер әлі де болса, экономиканың өсіп-өркендеуіне кедергісін келтіруде. Оның үстіне, алпауыт елдер ара­сындағы қолдан жасалынып отыр­ған саяси-әскери әрекеттер жағдайдың тұрақталуына да мүм­кіндік бермей отыр. Бұл шиеле­ніскен жағдайдың әлі де біразға созылатын түрі бар.
Белгілі астролог Павел Гло­ба­ның айтуына қарағанда, әлемдік экономикадағы дағдарыс 2020 жылға дейін созылады. Содан кейін ғана барып, әлемдік жағдай қалыпқа түсіп, алпауыт держава­лардың геосаясатқа ықпал ету мүмкіндігі азаяды. Кейбір елдер саяси ұйымнан шығады немесе бірқатар одақтар ыдырайды. Глобаның айтуына қарағанда, АҚШ – қаржылық қиындыққа кезігеді, әлемдік державалық мәр­тебесінен айырылады. Аме­рика экономикалық дағдарысқа тап болады. Уақыт өте келе, АҚШ-тың экономикалық әлеуеті мен жағ­дайы жақсарғанымен, өзінің көшбасшылық орнынан айырыла бастайды. Ресейлік са­рапшы со­ны­мен қатар Еуропа­лық одақ­тың ыды­райтынын жоққа шы­ғармайды, бұл бірнеше жылға созылады. Бір­қатар елдер аталған ұйымнан шығады. Еуропа­лық одақ қа­ғаз күйін­дегі жасанды ұйым­ға айналады. Оның орнына аталған құрлықта Солтүстік және Оң­түс­тік Еуропа­лық одақ құ­рылады. Оның құра­мына Скан­динавия елдері мен Испания, Франция және Италия кіреді. Ресей, Қытай және Үнді­стан мемлекеттерін біріктірген жаңа Одақ құрылады. Аталған ұйым НАТО-ға бәсекелес ретінде өмірге келеді. Оның құрамына Гагаузия, «Ново­россия» және Приднестровье мемлекеттері енеді. Осыған бай­ланысты Ре­сейдің шекарасы кеңейеді. 2018 жылы болатын тағы бір дағдарыс экономикалық жағдайды ауыр­латып, көптеген елдерде тұрақ­сыз­дық тудырады, халық ара­сында билікке нара­зылық жиі болады.
Биылғы жылдың соңына қа-рай әлемнің кейбір түкпірінде қақ­тығыстар азайғанымен, ха­лықаралық жағдай тұрақтанады деуге әлі ерте. АҚШ-тың қор­ға­ныс және қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Роберт Фарлидің айтуынша, 2018 жылы ғаламдық проблемалар бірден жойылады деуге болмайды. Әсіресе, АҚШ пен Солтүстік Корея арасын­дағы жанжал толас таппайды. Қайта бұл даудың шекарасы кеңіп, оған алдағы уақытта Жапония, Қытай мен Оңтүстік Корея батыл ара­ласуы мүмкін. Бұл жағдай осы аймақ­тағы қауіпсіздікке нұқсан кел­ті­ріп, текетірес одан ары ушы­ға түседі. Өйткені келер жылы Сол­түстік Корея лидері Ким Чен Ын Американың кез келген нүк­те­сі­не соққы бере алатын бал­-лес­ти­калық ракетаны тағы бір сынақ­тан өткізуі ықтимал. АҚШ сарап­шы­сының айтуынша, Трамп­тың дипломатиялық тәжірибесіз­ді­гінен осы өңірдегі жағдай ушыға түседі. Егер мәселе сарапқа салы­нып барып ше­шіл­месе, жаңадан соғыс өрті тұта­-нып кетуі мүмкін.
Келер жылы үшінші дүние­жүзілік соғыстың тұтанып кету қаупі барын АҚШ сенаторы Исак Свенссон да жоққа шығар­май­-ды. Оның айтуынша, президент Трамп­тың ойланбай жасаған әрекетінен жаңа соғыс басталып кетуі ықтимал. Бейбітшілік және дауларды шешу орталығының сарапшысы, профессор Исака Свенссонның болжамына қара­ғанда, кез келген елде барған сайын ұлтшылдық мәселесі бе­-лең алып келе жатыр. Сондықтан халықтың санасында қайралған намыс пен ұлт­жандылық көрі­ністері билік ба­сын­дағы атқа­мінерлерді оқыстан тақтан ауда­рып тастауы мүмкін.
Бұл ғана емес, ағылшын Ник­лас Гранхольм да өзінің сарапта­масында әлемдегі ең ыстық нүк­те­лердің бірнеше ошағын атап өтті. Соған қарағанда, пісіп-же­тіліп, жарылуға шақ тұрған дүр­дараздыққа толы нүктелер же­терлік. Ол Ресей, Эстония, Лат­вия, Литва мен НАТО әскери альянсы арасында күтпеген жер­ден дау туындауы мүмкін екен­дігін айтады. Оның айтуынша, «Ресей 1990 жылдардан бастап, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде өздерінің ықпалын жүргізетін «бір нүкте» жасап қойған. Ондай даулы ошақтар Грузияда, Мол­довада, Украинада да бар. Әсіресе, 2014 жылдан бастап Ресейдің қарамағына өткен Қырым мен соғыс ошағы болып жатқан Донецск мен Луганскіде алдағы жылы жағдай тұрақтана қояды деуге әлі ерте. Никлас Гранхо­льм­ның айтуынша, «Балтық жа­ға­лауы елдерінде орыс диас­пора­сының аздаған өкілдері тұрады. Сондықтан олардың құқығын қор­­ғау мақсатында ресми Мәскеу кез келген әрекетке баруы мүмкін. Мысалы, Украинада да осындай жағдай орын алды. Балтық жа­ғалауы елдері – Батыс пен Шы­ғыс­тың ортасында орналасқан Ресей үшін өте мүмкіндігі жоғары аймақ. Литва, Латвия мен Эсто­ния елдерінің де НАТО ұйымына мүшелікке бірден еніп кетуі де бекер емес. Алдымен қауіп­­сіздігін ойлағандықтан.
Әрине, көптеген елдер Украи­надағы орын алған жағдайға қа­тысты қазіргі кезде ең алдымен Ресейге алаңдап, қауіппен қарап отыр. Бұл үрей соншалықты адам сенгісіз болса да, сарапшылар ең алдымен Украинаның шығысы мен Мәскеудің Қырымды ан­некциялауын мысалға келтіреді. Бірақ сарапшы­ларды да, халық­-ты да алаңдатып отыр­ған мәселе мынау: алдағы жылы Украина­дағы жағдай тұ­рақтала ма?
Бұл сауалға жауап беру үшін әлемдік кейбір сарапшылар мен журналистердің өзі көріпкел-бал­герлерге жүгінген көрінеді. Олар­дың болжамына сенсек, ат тө­беліндей биліктің өкілдері емес, біріншіден халықтың өзі атқа­мінерлерді дұрыс жолмен жү­руге бағыттауы қажет. Ол үшін Украинада толқулар азайып, жағдайдың тұрақтанғаны керек. Мәселе мынада: қазір еуропалық бағыт ұстанып отырған Петр Поро­шенко келер жылдың аяғы­на дейін билікте қала ала ма? Өткен аптада бірқатар көріп­кел­дер «2018 жылы Украина билігіне өте талантты, жемқорлықтан ада, саяси белсенділігі өте жоғары, оли­гархтармен еш байланысы жоқ, жасы 50-ден асқан азамат келуі мүмкін» деген болжамды жария етті. Ол халықтың қол­дауына ие болып, елдегі саяси күш­тердің басын біріктіруі ық­тимал. Оның бастамасымен Бал­тық жаға­ла­уындағы елдер секілді бір-бірімен ынтымағы жарасқан мем­ле­кеттер одағы пай­да болады және олар Украинаның маңайы-на топтасады.
Тағы бір көріпкел Орест Ста­фийчук бұл саяси жорамалды жоқ­қа шығарады. Оның айтуына қарағанда, 2018 жылы Украинада жағдай тұрақтала қоймайды, кем дегенде оған 5 жыл керек. Жағдай қалыпқа түсуі үшін украин билігі көрші елдермен тату-тәтті тұруы қажет. Соған қара­ғанда «саяси жауырыншы» бұл жерде Ресейді айтып отырса ке­рек.
«Битва экстрасенсов» телебағ­дарламасының ақтық сынына шыққан Магдалена Мочиовски «Қырым түбегі мен қазіргі соғыс жүріп жатқан Луганск пен Донецк аймағы Украинаға қай­тарылады, бірақ ол үшін кем дегенде 15 жыл керек» деп кө­ріпкелдік жасап отыр. Осы уақыт аралығында Ресеймен де қарым-қатынас жақсарып, екі ел ара­сында саяси дипломатия жан­да­нып, сауда-саттық қайта өріс­тейді.
Бірқатар көріпкелдердің тұ­жырым-жорамалдарына назар аударсақ, ақыр аяғында Киев пен Мәскеу арасындағы жағдай дұ­рысталады. Әсіресе, олардың ойын­ша, Владимир Путин пре­зиденттіктен кеткеннен кейін ғана барып, екі ел арасындағы егес­ке нүкте қойылады. Бірақ Украинаның өз ішінде де толқу­лар күшейеді, бүгінгі билікке на­разылардың қатары көбейеді. Тіпті Киевте «Үшінші майдан» орын алуы ықтимал.
Расында да, қазіргі уақытта әлем­дік сарапшыларды үш мә­селе алаңдатып отырғаны мәлім. Оның біріншісі – Сириядағы жағдай, бірақ Ресей, Иран мен Түркияның тікелей араласуынан кейін бұл аймақтағы соғыс аяқ­талуға жақын. Екінші мәселе, Украинадағы тұрақсыздық. Оған қатысты саяси жорамалдарды айттық. Ендігі мәселе, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы те­кетіреске байланысты. Соғыс бол­майтыны анық. Бірқатар са­рап­шылар келер жылы Дональд Трамп басқа балама жол­дың жоғын түсіне отырып, «қырғи қабақ соғысты» қалыпқа келтіру үшін амалдың жоғынан Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізеді деп отыр. Лайым солай болғай.
Хиллари Клинтонның пре­зи­денттік сайлауда жеңіліске ұшы­райтынын алдын ала айтқан кө­ріпкел Крейг Гамильтон-Паркер 2018 жылы Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынның билігі әлсірейді деген тұжырым жасады. Сонымен қатар қарсыластары Дональд Трамп­қа импичмент жариялау мүмкіндігінен айырылады. Еуро­па­лық ­одақ елдерінде жағдай қиын­дап, Ұлыбританияда нара­зылық шеруі жиілейді.
Әрине, бұл болжам ғана. Орын­­далу мүмкіндігі де әрқалай. Оны да уақыт көрсетер. Дұрысы, саяси жағдайдың тұрақтанып, тыныш өмір сүргенге ештеңе жет­пейді.
 
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
30 желтоқсан 2017 ж. 1 374 0