Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезияда жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 420 адамға жетті

Индонезияда жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 420 адамға жетті


Индонезияның Сулавеси апалында жер сілкінісі мен цунамиден құрбан болғандар саны 420 адамға жетті.

Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Индонезияның ұлттық табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі агенттігінің мәліметінше, Құрбандар саны Палу қаласында көп. 350 мың халқы бар бұл қала ел астанасы Джакартадан 1600 шақырым жерде орналасқан. Қаладағы 540 адам зардап шекті. Жұма күні осы жерде фестиваль өтуі тиіс болған. Адамдар жағажайда дайындалып жатқанда, екі метрлік толқын жайпап өтті.
Цунамиден кейін ел аумағында бірнеше мәрте жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің бірі 7,4 балға тең болған. Куәгерлердің сөзінше, цунамидің биіктігі 2 метрге дейін жеткен. Палуде тұрғын үйлер мен дүкендер, қонақ үй мен емханалар қирады. Жарық өшіп, жолдар жарылды. Көпірлер сынып кетті. Екі әскери-транспорттық «Геркулес» ұшағы зардап шеккендерге алғашқы көмек заттарын апарды. Бұған дейін бірталай адамның өмірін қиған цунамидің адамшошырлық кадрларын жариялаған едік. 
Екі ай бұрын Индонезияның Ломбок аралында жер сілкінісі болып, 500 адам мерт болған еді.
Stan.kz
01 қазан 2018 ж. 1 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930