Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мехикода бас сүйектерден тұрғызылған дуал табылды

Мехикода бас сүйектерден тұрғызылған дуал табылды


Мехикода адамның бас сүйектерінен тұрғызылған қабырға табылды. Бұл туралы Мексиканың археология және тарих ұлттық институтының сайтында жазылды. Дуал Гватемала көшесінің астында табылыпты. Қабырғаның ұзындығы 34 метр. Институт маманы Рауль Баррердің айтуынша, бұл нысан 15-16 ғасырларда ацтектер кезінде тұрғызылған. Бұны олар «цомпантли» деп атаған деседі.  Ғалымдар әзірге тек 34 адамның бас сүйегін тапты. Сүйектердің көбі жас жігіттердікі, ішінде әйелдер мен балалардың сүйектері де бар. Бұлар ацтектердің жауларының бастары болжанып отыр.  Археологтардың айтуынша, нысандардың көбі Ацтектер империясын испандар жаулап алғаннан кейін жойылып кеткен. Археологиялық қазба жұмыстары аяқталған соң бұл жерді жергілікті тұрғындар мен туристер тамашалай алады.
Massaget.kz
21 шілде 2018 ж. 1 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930