Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мысықтар жер сілкінісін 10 секунд бұрын сезіп, желі қолданушыларын таңғалдырды

Мысықтар жер сілкінісін 10 секунд бұрын сезіп, желі қолданушыларын таңғалдырды

Желіде Жапониядағы мысықтар кафесінде орнатылған бейнебақылау камерасындағы видео оқырмандардың қызығушылығын тудырып, үлкен танымалдылыққа ие болды. Ол видеода бірнеше жануардың бір мезетте құлақ түріп, жер сілкінісін он секунд бұрын сезіп, алаңдаушылық білдірткені анық байқалады.

Жапония кафелерінің бірінде орнатылған видео 18 маусымда жазылған. Онда жануарлардың бөлменің әр жерінде тыныш жатқанын көруге болады. Бірақ, аз уақыттан соң олар бастарын бір мезетте көтеріп, әлдебір дыбысты тыңдай тұрып, бөлмені шыр айнала жүгіреді. Содан кейін бірнеше секунд өткен соң ғана бөлмедегі жиһаздар қозғалып, жер сілкінеді.
Бұл видеоны көрген YouTube пайдаланушылары мысықтардың апатты алдын-ала сезіп, ескерту жасағанына таңғалды. Алайда, көптеген оқырмандар жер сілкінісі кезінде жиһазбен жабдықталған құлыптаулы бөлмеде жалғыз өздері қалған жануарларға жандары ашып, аяушылық білдірді.
Stan.kz

16 шілде 2018 ж. 1 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9296)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930