Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыс түспейтін Аустралияда жаздыгүні қар жауып, тұрғындардың зәресін алды

Қыс түспейтін Аустралияда жаздыгүні қар жауып, тұрғындардың зәресін алды

Күні кеше ауа температурасы минус 4-ті көрсетіп, Мельбурнде ең төменгі ауа температурасы тіркелді. Өзге аймақтарда жаз басталған шақта, Мельбурнде қар жауған. Мұндай ауа-райы аймақта осыдан 150 жылдай уақыт бұрын тіркелген көрінеді.Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аймақта қатты жел тұрып, жаңбыр аралас қар жауған. Сондай-ақ, Сиднейде де ауа температурасы күрт төмендеп кеткен.
Бұл уақытта Алясканың өзінде сынап бағанасы 13 градус жылы температура көрсеткен. Сондай-ақ, Исландияда 8, Перуде 17, Ирландия мен Норвегияда 14, ал Парижде 17 градусты көрсеткен болатын.
Жалпы тарихқа көз жүгіртсек, Мельбурнде ең төменгі ауа температурасы минус 2,8-ді көрсеткен. Бұл жағдай 1869 жылдың 21 шілдесінде тіркелген.

Stan.kz
20 маусым 2018 ж. 1 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930