Адамзаттың IQ деңгейі төмендеп барады – ғалымдар
Соңғы онжылдықтарда адамдардың IQ көрсеткіштері төмендеп жатыр, деп хабарлайды Baq,kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдардың айтуынша, IQ көрсеткіштердің төмендеуіне адам генінің әсері жоқ.
Норвегия ғалымдары 1962-1991 жылдар аралығында туған ер адамдардың IQ көрсеткіштерін зерттеген. Зерттеу барысында 1962-1975 жылдар аралығында дүниеге келгендерде IQ өсіп отырғанымен, кейінірек 1975 жылдан бері туғандарда бұл көрсеткіш кеміп отырғаны байқалған.
«Дания, Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Финляндия, Эстонияда жүргізілген осындай зерттеулер нәтижесі де осындай қорытындыны көрсетті. », - дейді Экономикалық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Оле Роженберг. «IQ көрсеткіштерінің төмендеп бара жатқаны қоршаған ортаның факторларына байланысты болып отыр», дейді өзгерістерді генетикамен байланыстыруды жөн көрмейтін Роженберг.«Бұл интелектісі төмен адамдарда бала саны ақылдылардың бала санынан көп деген сөз емес. Бұл қоршаған ортаға байланысты екеніне сенімдіміз», дейді ол.
Маманның айтуынша, қоршаған орта факторларына білім беру саласындағы өзгерістер, медиа-орта, тамақтану, кітап оқу, интернетте көп уақыт өткізу жатады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуынша, IQ балдары өсіп отырған уақыт 20 ғасырға тұрспа-тұс келеді. Яғни, ол кезде білім беруге қолжетімділіктің артқандықтан, осындай көрсеткішті байқауға болады.
Көп жылдар бойы ғалымдар қоршаған ортаға қарағанда интеллект айырмашылығын генмен түсіндіріп келеді. Дегенмен, жаңа зерттеуде бұл мәселеге басқа қырынан қарау керектігі айтылған.
Бұрынырақ интеллект ата-анадан балаға берілетіні, жоғары IQ көрсеткіші бар адамдардың балалары да сондай деңгейде болатыны жиі айтылды. Сондай-ақ интеллектісі төмен адамдарда бала саны IQ-ы жоғарыларға қарағанда көбірек болады деген пікір де қалыптасып үлгерді.
Жаңа зерттеуде әр жылдары туған бір үйдің балаларының IQ көрсеткіштері қарастырылған. Зерттеу барысында генетикалық тұрғыда түсіндірілген анықтамалардан алшақтау нәтиже алынған.
«Басты жаңалық адамзаттың IQ көрсеткішінің төмендеп жатқанында емес. Бір қызығы, зерттеуде бір отбасындағы балалардың да интеллектісі әртүрлі болатыны белгілі болды», - дейді мақала авторлары.Олардың айтуынша, әзірге қоршаған ортаның қандай нақты факторлары интелектке әсер етуі мүмкін екені анықталмады.
«Оны анықтау үшін басқа да зерттеулер жүргізу керек. Негізінен, менің ойымша, уақыт өте келе адамзат әртүрлі интеллектуалды жағдайға тап болады. Оның ішінде технологияның өзгерісі, әлеуметтік желілерді қолдану секілді нәрселер де интеллектке әсер етеді», - дейді Лондон корольдік колледжінің психология профессоры Робин Моррис.Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек
Baq.kz сайты