Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та әлемдегі ең күшті суперкомпьютер жасалды

АҚШ-та әлемдегі ең күшті суперкомпьютер жасалды


Жаңа суперкомпьютер Summit қуаты жөнінен бәсекелестерінен үш есе мықты. Оның өндірістік қуаттылығы 200 петафлопс, яғни ол бір секундта 200 мың триллион операцияны жасай алады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.
Бұл машинаның өндірістік қуаты 200 петафлопсты құрады немесе бір секундта 200 мың триллион операцияны жасай алады.
Бұған дейін ең күшті деп есептелініп келген қытайлық Sunway Taihu Light суперкомпьютерінің өндірістік қуаты 93 петафлопс.
Жалпы, Summit бірінші кезекте астрофизика, рак зерттемелерінде және жүйелік биология саларында қолданылатын болады. Бүгінде суперкомпьютер Теннесси штатындағы Ок-Ридж ұлттық зертханасында тұр. Бұл компьютерді IBM компаниясы графикалық процестерді өндірумен айналысатын NVIDIA-мен бірлесіп жасақтады.
Summit суперкомпьютері 4608 серверден тұрады және жедел жадының 10 петабайты бар. Оны жасақтауға 200 млн доллар кетті.
Ок-Ридж зертханасының директоры Томас Закариа компьютерді таныстыру салтанатында мәлімдегендей, Summit жасақталу барысында геномдық жобалар бойынша зерттеу жұмыстарында қолданылды.
«Машина құрастырылып жатқан кезде анықтау операциялары үшін қолданылды. Өздеріңіздерді дөңгелегін ауыстырып бітпейінше қозғалысын тоқтатпайтын машинанының жүргізушісі ретінде елестетіңіздерші», - деді ол.
Жалпы, Summit 20 мегаватт энергияны тұтынады – бұл шағын қаланы қамтамасыз етуге жетеді.
Айта кетейік, 2017 жылы жарияланған ең қуаты 500 компьютердің 143 АҚШ-тың арсеналында болса, Қытайдың еншісінде 202 суперкомпьютер бар.
Baq.kz
13 маусым 2018 ж. 875 0