Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада танымал блогерді тікелей эфир кезінде атып кетті

Мексикада танымал блогерді тікелей эфир кезінде атып кетті

Мексикада танымал блогерді тікелей эфир кезінде атып кеттіМексиканың Кульякан қаласында танымал TikTok блогері Сесар Гастелум тікелей эфир кезінде атып өлтірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі El Universal басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, 25 жастағы блогер әріптестерімен бірге әлеуметтік желіге арналған видео түсіріп жатқан кезде мотоциклмен келген белгісіз адамдар оған оқ атқан. Қаскөйлер оқиға орнынан бірден қашып кеткен.
Сесар Гастелумның TikTok-та 500 мыңнан астам, ал Instagram-да 100 мыңнан астам оқырманы болған. Мыңдаған адам оның қаза тапқан сәтін тікелей эфирден көрген.
Мексика билігі қылмыстың блогердің әлеуметтік желідегі жазбаларымен және қылмыстық топтар туралы айтқан мәлімдемелерімен байланысы болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
06 тамыз 2026 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30