Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия әскери өнім экспорты бойынша жаңа рекорд орнатты

Түркия әскери өнім экспорты бойынша жаңа рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия 2025 жылдың ақпан айында қорғаныс және аэроғарыш өнімдері экспортының максималды өсімін көрсетті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. Ресми деректерге сәйкес, экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға артып, 434 млн-ды құраған. 2024 жылдың ақпан айында бұл көрсеткіш 300 млн долларды құрады. Бұл нәтиже халықаралық нарықта айтарлықтай өсіп, кеңейіп келе жатқан Түрік қорғаныс өнеркәсіп кешені (ҚӨК) үшін маңызды жетістік. Бүгінде елде әскери техниканы, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын, әскери тікұшақтарды және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, сондай-ақ аэроғарыш өнеркәсібіне арналған құрамдас бөліктерді өндіру мен экспорттау белсенді түрде дамып келеді. Қорғаныс экспортындағы өсім сонымен қатар әртүрлі елдердің қорғаныс қабілетін нығайтуға және әскери жүйелерін заманауи стандарттарға жаңартуға ұмтылатын түрік технологияларына сұраныстың артуымен байланысты. Бүгінде Түркия әлемдік қорғаныс өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін қолжетімді бағамен жоғары технологиялық шешімдерді ұсынып отыр. Бұл оның әлемдік қорғаныс өнеркәсібінде бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға септігін тигізуде. Бұған дейін Түркия Қазақстанға ұшқышсыз авиациялық жүйелерін тегін беретінін жазған болатынбыз. 



11 наурыз 2025 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31