Қытай Моңғолияда мекендейтін сирек аю түрін қорғауды қолдайды

— «Ұлы Гобидің» ерекше қорғалатын аймағында 2018 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан мазаалайды сақтау жобасы ерекше маңызды, өйткені бұл ерекше қорғалатын аймақтағы жабайы табиғатты сақтауға техникалық көмек көрсету бойынша шетелдік қаржыландыратын бірінші ірі бастама, — деді Ч.Баярбат. Гоби аюына жойылып кету қаупі төніп тұрғаны айтылды.
— Ұлы Гоби — Моңғолиядағы 4,6 млн гектар аумақты алып жатқан қорғалатын ең үлкен аумақ. Моңғолияның Қызыл кітабына енгізіліп, жойылып кету қаупі төнген сүтқоректілердің 33 түрінің 15-і осы жерде мекендейді, — деді ол. Техникалық көмектің маңыздылығын атап өткен Ч.Баярбат жоба аясында моңғол және қытай ғалымдары жеті зерттеу жүргізгенін, соның ішінде мазаалайдың популяциясының мөлшерін анықтау үшін генетикалық әдістерді қолданғанын баяндады. Бұған дейін бар болғаны аюдың 22 дарасы бар деп есептелсе, сарапшылар «Ұлы Гобиде» шын мәнінде 52 аю мекен ететінін анықтады. Бұдан бөлек, жоба аясында Моңғолияның 30 табиғат қорғаушысы мен сарапшысы Қытайда оқытылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Моңғолияда әлемдегі қар барысының 20 пайызы мекендейтінін жазған болатынбыз.