Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекия премьер-министрі төтенше жағдай енгізілген Санториниге барды

Грекия премьер-министрі төтенше жағдай енгізілген Санториниге барды

АСТАНА.KAZINFORM - Жұма күні Грекиядағы сейсмикалық белсенділіктің шарықтау шегінде елдің премьер-министрі Кириакос Мицотакис Санториниге барды. Эгей аралы күшті жер сілкінісіне байланысты қосымша сақтық шараларын жасады, деп жазады Euronews. Мицотакис сапар барысында төтенше жағдайларға дайындық нысандарын тексеріп, аралдың оңтүстік бөлігінде эвакуациялау жолын салуға 3 миллион еуро бөлінетінін хабарлады.
- Біз келуі мүмкін жамандықтарға дайындалып, жақсылықтан үміттенеміз. Байыпты және ұйымдасқан мемлекет осылай істеуі керек, - деді Мицотакис жергілікті билік өкілдерімен кездесуде. Әскери жүк көліктер Санториниге электр генераторларын жеткізді, ал құтқарушылар апта басында аралға барды. Мұндағы жер сілкінісі мыңдаған жергілікті тұрғындардың, туристер мен маусымдық жұмысшылардың көшуіне себеп болды, олар Грецияның материктік бөлігіне паромдармен эвакуацияланды. Сарапшылар сейсмикалық белсенділіктің Эгей теңізіндегі жанартау белсенділігімен байланысты емес екенін айтады, бірақ олар дүмпулердің одан да күшті жер сілкінісіне әкеліп соғуы мүмкін екенін әзірге нақты айта алмайды. Сарапшылардың айтуынша, Санториниде мұндай жоғары сейсмикалық белсенділік әдеттегі құбылыс және бірнеше айға созылуы мүмкін. Күшті жер сілкінісі қаупіне байланысты тұрғындар мен туристер Санториниді тастап кетіп жатқанын жазған болатынбыз.



10 ақпан 2025 ж. 218 0