Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан тағы бір елмен визасыз режимге қол қойды

Қазақстан тағы бір елмен визасыз режимге қол қойды

Қазақстан мен Марокко үкіметтері Ұлттық/жалпы азаматтық паспорттардың иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан үкіметі мен Марокко Корольдігінің үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды.

Аталған келісім екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

"Келісімге сәйкес, Қазақстан және Марокко азаматтары жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың негізінде екі елдің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту және уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады", - делінген хабарламада.

Әрбір болу мерзімі кіру сәтінен бастап 180 күннің ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
27 қыркүйек 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031