Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗОМБИ

ЗОМБИ

ЗОМБИ – 17 ғасырда Бразилияда мұсылман мемлекетін құрған, португалдармен соғысқан батыр кісінің лақап аты екен.
Өзі Бразилия дегенің ит тұмсығы батпайтын ну тоғайлы үлкен ел ғой. Сол орман арасына құлдар қашып кетіп, өздерінше мемлекетшелер құрған, бір замандары. Біз сөз етіп отырған Зумби 1655-ші жылы сондай кішігірім мемлекетше Пальмаристе өмірге келеді. Азан шақырып қойған аты Абдуллах Ганга. 6 жасында ауылына португалдар шабуыл жасап, үлкендерін құлдыққа сатып, ал мұны шоқындырып, Франциску деп христианша ат береді. Баланың зеректігін байқап, пірадарлар шіркеуде ғылым, тіл үйретеді. 15 жасқа толғанда Абдуллах жолын тауып, құлдықтан қашып шығады. Еліне кеп, португалдарға қарсы соғыстың қолбасшысына айналады. 14 жылдық соғыста халқына мылтық-зеңбірек құюды үйретеді. Соғыста стратег екенін көрсетеді. Отаршылдар оншақты рет Абдуллах тобын талқандап, оны өлдіге санап та қояды. Бірақ, қара батыр – әлгіндей қан қасаптан үнемі тірі шыға беретін еді. Содан португалдар оған Зумби яғни тірі-әруақ деген ат қояды.
14 жыл бойы жеңе алмағандықтан, отаршылар Абдулла-Зумби шайтанға жанын сатқан, сол үшін өлмейді,-десті. Мәйіттерді қайта тірілтіп, армиясына қосып алады екен,-деген өтірік, жала жаба бастады. Осындай қорқынышты өтіріктердің арқасында, португалдар Абдулла-Зумбидің азаттық соғысына басқа тайпа-халықтардың қосылуын болдырмай тастады. Чукчалармен 300 жыл соғысып жеңе алмай қойған орыстар чукчаларды мазақтап, анекдоттар шығарғаны сияқты ғой.
Не керек, 1694-ші жылы португалдар зеңбірекпен қаруланған ауыр қол шығарып, Пальмарис мемлекетін талқандайды. Зумбидің басын кесіп, денесін өртеп жібереді. Мұсылман батырдың атын мәңгіге қаралау үшін, тірі өліктер жайлы өтіріктерді үдете береді, үдете береді. Қазір Зомби десе, тірі өліктер елестейді. Ал шын мәнінде ЗОМБИ – Бразилияның ну орманында мұсылман мемлекетін құрған, құлдыққа қарсы соғысып өткен хас батыр еді.

Ғаламтор желісінен алынды
28 мамыр 2022 ж. 1 193 0