Футболдан Чемпиондар лигасында «Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» басым түсті
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында алғашқы ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алдымен «Манчестер Сити» сапынан Кевин Де Брёйне 2, Габриэль Жезус 11-минуттарда мергендік танытса, оған испандық клубтан Карим Бензема 33-минутта бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде алаң иелері сапынан Фил Фоден 53, Бернарду Силва 74-минуттарда гол соқты. Ал «Реал Мадрид» қатарынан Винисиус Жуниор 55, Карим Бензема 82-минуттарда екі голдың авторы атанды. Осылайша, «Манчестер Сити» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы үш кездесуде «Манчестер Сити» қатарынан үш мәрте жеңіске жетті. Испандық клуб оларды 2016 жылдың 4 мамырында 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Екі команданың қарымта ойыны 4 мамырға белгіленген.
https://syrboyi.kz






