Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәскеуліктерді аптап ыстық күтіп тұр

Мәскеуліктерді аптап ыстық күтіп тұр

Мәскеуде осы аптада күн қатты ысып, сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Аптап ыстық шілденің 18-іне дейін жалғасады деген болжам бар. Ал Псков қаласында күн қалыпты нормадан 9 градусқа артып, ауа температурасы 32 градусқа жетті. Синоптиктер болса алдағы уақытта күн бұдан бетер ыстық ауа райы бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін айтады. – Күннің ыстық болғаны соншалық, адамдар жұмыс уақыты аяқтала салысымен көлге ұмтылады. Әсіресе, жағажайда адамдар кешкісін көп жиналады. – Жағажайды жаппағаны қандай дұрыс. Қазіргі аптапта осы жер пана болып тұр. ЧЕЛЯБИНСК ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ӨРТІ КҮШЕЙДІ Аптап ыстықтан Ресейде орман өрті де жиледі. Челябинск облысында лаулаған жалын бір күнде 14 мың гектарға дейін ұлғайып, бірқатар елді-мекенді күлге айналдырды. Табиғат апатынан 1 адам опат болып, 20-ға жуық тұрғын жарақат алды. Ондаған үй  жанып кетті. Апат аймағынан 200-дей адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ұшақтар мен тікұшақтар жеткізілді. Мамандар өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұрғанын айтады.

https://24.kz​​​
12 шілде 2021 ж. 367 0