Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда жас жұбайлар тойды әуеде жасады

Үндістанда жас жұбайлар тойды әуеде жасады

Үндістанда коронавирус кесірінен үйлену тойын ұйымдастыра алмай қиналған ғашықтар шектеулерді айналып өтудің амалын ойлап тапты. Олар некесін ұшақтың ішінде қидырған. Жас жұбайлар шараға арнайы әуе кемесін жалдапты. Сөйтіп, неке қию рәсіміне 160-тан аса қонақ жиналған екен. Қос қанатты көліктің ішінде әлеуметтік қашықтық пен маска тағу секілді сақтық шаралары сақталмағанын айтып кету керек. Бұл оқиғаны қазір Үндістанның авиация басқармасы тексеріп жатыр. Әуе компаниясының сол күні кезекшілік еткен қызметкерлері жұмысынан уақытша шеттетілді. Айта кетейік, бүгінде Үндістанда эпидемиологиялық ахуал нашар. Осы ретте үйлену тойларындағы мейман санын 50-ден асыруға тыйым салынған.

​https://24.kz​​​
26 мамыр 2021 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031