Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда халық саны 1,41 млрд адамнан асты

Қытайда халық саны 1,41 млрд адамнан асты

Құрлықтық Қытай тұрғындарының саны 1,41178 млрд адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының бүгінгі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды. «Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020 жылы көбеюін жалғастырды» делінген таратылған баяндамада. Қала тұрғындарының үлесі 901,99 млн адамға жетіп, ел тұрғындарының жалпы санының 63,89 пайызын құрады. Елде 60 жас және одан асқандар үлесі 18,7 пайызды құрады, бұл 2010 жылы өткен халық санағындағы көрсеткіштен 5.44 пайыз жоғары. Ер адамдардың әйелдерге арақатынасы 105,07:100 құраған. Қытайдағы 7-ші жалпыұлттық халық санағына сәйкес, соңғы онжылдықта ел тұрғындарының саны орташа есеппен алғанда жылына 0,53 пайызға артып келеді. Еске сала кетсек, Қытайда жетінші халық санағы 2020 жылдың қараша айында басталды.

https://www.inform.kz​​​
11 мамыр 2021 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930