Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кувейтте әлемдегі ең ірі мұнай кен орны өртке оранды

Кувейтте әлемдегі ең ірі мұнай кен орны өртке оранды

BAQ.KZ. Кувейтте Үлкен Бурган мұнай кен орнынан өрт шықты. Салдарынан екі жұмысшы зардап шекті.

Бұл туралы KUNA ақпарат агенттігі хабарлады.

Мұнай кен орны өртке оранды. Дегенмен тілсіз жауды бірден ауыздықтауға күш жұмсалды. Екі адам зардап шекті. Бірақ бұл оқиға кен орнының жұмысына әсер етпеді, - делінген хабарламада.
Зардап шеккен жұмысшылар әртүрлі жарақаттармен және күйіктермен ауруханаға жеткізілді. Олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрттің себептері анықталуда. Кен орнының әкімшілігі аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады.

Айта кетейік, Үлкен Бурган кен орнында әлемдегі мұнай қорының 5%-ынан көбі бар. Сондай-ақ Кувейттің мұнай қорының 75%-дан астамы сол жерде орналасқан.

Жақында, 5 мамыр күні Ирактың Бай-Хасан кен орнында екі мұнай ұңғымасы өртенді. Екеуінің біреуі 4 күннен кейін ғана сөндірілді.
10 мамыр 2021 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031