Apple құлаққап өндірісін қысқартады - БАҚ

Apple сарапшысы Минг-Чи Куо өндіріс қарқыны үшінші тоқсанның басына қарай төмендейтінін мәлімдеді.
Есепте қандай AirPods өндірісі қысқаратыны көрсетілмеген. Қазір Apple-де AirPods Pro, сымсыз қуаттағышы бар стандарт AirPods-тың екінші буыны және AirPods Max құлаққаптары бар.
Бұған дейін инсайдерлер AirPods құлаққаптарының үшінші буынының суреттерін көрсеткен болатын. Жаңа AirPods премьерасы алдыңғы аптада өнімдердің көктемгі тұсаукесері кезінде өтуі керек еді, бірақ компания оларды шығаруға әлі асығар емес.
kaz.tengrinews.kz