Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Босния және Герцеговина азаматы ерекше көлік ойлап тапты

Босния және Герцеговина азаматы ерекше көлік ойлап тапты



Босния және Герцеговина азаматы елден ерекше көлік ойлап тапты. Үш дөңгелекті машинаның артықшылығы көп. Ең бастысы арнайы тұрақ қажет емес. Діттеген жерге жеткенде оны жол дорбасының көлеміндей етіп жинап, сүйретіп кете беруге болады. Оның үстіне қозғалыс үшін жанармай емес, электр қуатын пайдаланады. Аккумуляторы 5 сағат тынымсыз жүруге жетеді. Көліктің қаңқасын құрастыру үшін аллюминий, ал жүруі үшін кәдімгі велосипедтің дөңгелегі қолданылған. Мини машинаны құрастыру үшін инженер екі жыл тер төккен. Айтуынша, мұндай машинаны жасау туралы ой Германияға барған сапарында көлік тұрағының тапшылығын көргеннен кейін пайда болған. Енді инженер құрастырған техникасын одан ары жетілдіріп, көптеп шығаруды жоспарлап отыр. Алдын ала есебі бойынша оның құны 2 мың 700 еуро тұрады.
Элвис Церо, инженер:
– Көліктің бұл түрі өте тиімді. Ешқандай қиындықсыз аз уақыттың ішінде жол дорбасындай етіп жинап алуға болады. Шағын үйде тұратын адамдар үшін өте ыңғайлы. Гараж немесе арнайы тұрақты қажет етпейді. Кез келген бұрышқа қоя саласың.
24.kz
26 ақпан 2021 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930