Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атом бомбасынан да қауіпті қару

Атом бомбасынан да қауіпті қару

1919 жылдың қазан айының 10-ы күні Михаил Калашников дүниеге келді. Орта Азияның, дәлірегі, Қазақстанның Матай стансасында деп айтылады кіндігі кесілген жер, орталықтан жырақта елеусіз түкпірде келген ұлты орыс шарананың тарихты астаң-кестеңін шығарып, өзгертеді кім ойлаған. Тіпті, аңызға сенсек, қан уыстап туған, жарты әлемді жаулаған Шыңғыс ханның қан қасап жорығынан мұншалықты адам қырылмаған шығар. Бүгінде аты аңызға айналған конструктордың қолынан шаққан Калашников автоматы әлемдегі ең көп шығарылатын әрі кеңінен қолданылатын қару. Бұл қарудан жылына 250 млн-дай адам ажал құшады екен. Статистикалық мәлімет осындай. Даңқты конструктордың қаруын отанын басқыншы жаудан қорғаған қатардағыжауынгер де, ел ішіне ылаң салған террористер де, партизандар да, қарулы күштер сапында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз да, мафиялық топтар да, т.б. пайдаланады. Өйткені, бұл қаруға тең келетін қару жоқ. Оны құрастырған адамның құрметіне қысқартылған түрінде ресми АК-47 деп аталатын қару – Автомат Калашникова (АК), ал 47 саны аталған қарудың алғаш рет сынақтан өткен жылын білдіреді. Статистикалық дерек бойынша бүгінде әлемде шамамен 200 млн АК-47 бар. Яғни, орташа есеппен алғанда 35 адамға бір Калашников автоматынан айналады екен. Бұл қарудың жаппай қолданылуының сыры мен құпиясы неде? Әлбетте, мықтылығы, яғни, сенімділігі алдымен ауызға алынады. Екіншіден, оны құрастыру оңай әрі осыған сай шығыны аз. Ең бастысы, алып жүруге де, атуға да қолайлы. Калашников автоматымен 300 метр қашықтықтағы нысанағы дәл тигізуге болады. Десе де оны айтылған қашықтықтан да атуға қолдана береді. Global Financial Integrity ұйымының баяндамасында келтірілген мәліметке қарағанда, АК-47 қаруының әлемнің әр түкпіріндегі қара нарықтағы бағасы әр түрлі. Мәселен, Ауғанстанда ол бар-жоғы 600 долларға саудаланады. Ал АҚШ-пен Мексика арасындағы шекара маңында бұл қару 1200 долларға сатылады. Тура осындай бағамен Пәкістанда да сатылады. Десе де бұл қарудың жергілікті өндірісінен шыққан үлгісі сапасы түпнұсқадағыдай болмағандықтан 148 долларға саудаланады. Бүгінгі таңда әлемнің 20-дан аса елінде Калашников автоматы құрастырылады. Әлбетте, бұл жағынан алғанда не нәрсе болсын, көшіруден алдына қара салмайтын Қытай көш бастап тұр. Ал аталмыш қарудың отаны – Ресей аумағында бұл қару бүгінде құрастырылмайды. Өйткені, бұл қаруды мол қоры сақталған. Бір кездері бұл автоматты тек кеңес одағының сарбаздары ғана ұстаған еді. Ал батыс жұрты оны алғаш рет 1956 жылы көрген болатын – Венгриядағы көтерілісті кеңес әскері басқан кезде. Бұл қаруды кімдер ұстамады десеңізші?! Тіпті, әлемде нөмірі бірінші террорист атанған Усама бен Ладен де бұл қаруды жанынан тастамаған. Ирак президенті Саддам Хұсейнді ұстаған кезде оның жанында екі Калашникв автоматы болған екен. Әлі күнге әлемде 50 ұлттық армия АК-47 қаруын қолданады. Солардың ішінде, Қытай мен Мысыр, Куба, Судан, Сирия, Иран және Ирак бар. Бұл қарудың 200-ге тарта түрлі жетілдірілген нұсқалары кездеседі. Десе де негізгі конструктивтік элементтері 1947 жылғы күйінде өзгеріссіз сақталған. Әлемдегі қару-жарақтың заңсыз айналымы 3,5 млрд долларға жетеді, бұл көрсеткіш – заңды жолмен саудаланатын қару мәмілесінің 20%-на тең. Ал Калашников автоматына келсек, жылына бір миллиондай АК-47 құрастырылады. Бұл қарудың кеңінен тарағаны, танымалдылығы соншалық, оны кей мемлекеттер өздерінің рәмізі етіп алған. Мәселен, Мозамбиктің буы мен елтаңбасында бейнеленген. Сондай-ақ, Шығыс Тимор елтаңбасында да, ливандық «Хезболланың» байрағында да, өзге де партизандық, отаршылдарға қарсы ұлт азаттық қозғалыстардың немсе жартылай әскер  тәртіпті ұстанатын түрлі топтардың басты белгілері ретінде қолданылады. Күллі әлемде артиллериядан, зымыраннан, зеңбіректен, т.б. өлгендер қарасы бір ғана Калашников автоматынан опат болғандар санына жетпейді. Сөз жоқ, АК-47 әлемді өзгертті. Жақсыға ма, жаман жағына ма, оны өздеріңіз таразылап, төрелігін бере жатарсыздар. Біздің тарапымыздан айтарымыз – оны ақиқат атын жамылып қолданса да қандай жағдай болмасын, адам өмірі қиылады. Оны тек өлтіру үшін қолданады. Ең басты шындығы осында! Мейлі оны отан қорғауда пайдаланса да адам шығынына жол берді. Қару қандай адамның қолында, қандай мақсатта қолданады – бұл екінші шындық. Философияға қару бар жерде орын жоқ. Біз осы жерден тоқтаймыз.
Михаил Калашников. АК-47 автоматы
Мәліметтер интернеттен алынды. Дайындаған - islam.kz 
22 наурыз 2020 ж. 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031