Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Адымдайтын» акула жайында естіп көріп пе едіңіз (видео)

«Адымдайтын» акула жайында естіп көріп пе едіңіз (видео)

Үнді-австралиялық мысық тәрізді акула өзінің тұқымдастарына қарағанда көптеген ерекшелігімен өзгешеленеді: тұрқы да бөлек, жүзбеқанатымен құм үстімен құрлықта да жылжи алады. Ғалымдар акуланың осынау түрін эвалюцияға ең аз ұшыраған түріне жатқызып отыр. Бұл бағытта зерттеу жүргізген Калифорния ғылым академиясы ғалымдарының зерттеу нәтижесі Marine and Freshwater Research мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар үнді-австралиялық мысық тәрізді акулалардың он түрін зерделеген екен. ДНК анализі көрсеткендей, олардың барлығы бір-бірімен туыс болып шыққан.
Ал біз сөз етіп отырған «адымдайтын» акула осыдан 450 млн жыл бұрын пайда болған. Ол туыстарынан шамамен 10 млн жыл бұрын бөлінген. Олардың бөлінген уақыты австралиялық құрлықтық тақтаның солтүстіктегі рельфпен қақтығыс кезіне – аса ірі геологиялық өзгеріс орын алған кезге тұспа-тұс келеді. Бұл процесс жанартаулардың оянуымен қатар жүріп, аймақты миллиондаған жылдар бойы өзгерткен болатын. Осындай аса ірі геологиялық өзгерістерге қарамастан балықтың осынау жыртқыш түрі тірі қалған еді.  

islam.kz


03 ақпан 2020 ж. 1 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930