Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компаниясы белгілі болды
AirlineRatings.com порталы әлемдегі ең қауіпсіз әуе компаниялардың рейтингін жариялады деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Әуе компаниялар бірнеше белгілер бойынша бағаланған. Оның ішіне пайдалану уақыты, әуе апаттары мен ірі апатты жағдайлар, компанияның тексерісі, тиімділігі мен өзге де талаптар назарға алынған. Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компания ретінде аустралиялық Qantas таңдалды. Екінші орынға Жаңа Зеландиялық Air New Zealand іліксе, үштікті Тайвань EVA Air компаниясы аяқтайды. Әлемнің 20 қауіпсіз әуе компанияларының тізіміне Etihad, Qatar Airways, Singapore Airlines, Emirates, Alaska Airlines, Cathay Pacific Airways, Virgin Australia, Hawaiian Airlines, Virgin Atlantic Airlines, TAP Portugal, SAS, Royal Jordanian, Swiss, Finnair, Lufthansa, Aer Lingus мен KLM кірді. Ал, ең қауіпсіз бюджеттік тасымалдаушы әуе компаниясы ретінде Air Arabia, Flybe, Frontier, HK Express, IndiGo, JetBlue, Volaris, Vueling, WestJet пен Wizz аталған. Бұл лоукостердің барлығы IOSA (IATA Operational Safety Audit) қауіпсіздің стандарты бойынша аудиттен өткен.
Massaget.kz