Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Колумбияда тікұшақ апатқа ұшырап, 6 әскери қаза тапты

Колумбияда тікұшақ апатқа ұшырап, 6 әскери қаза тапты

BAQ.KZ. Әуе кемесі апатқа ұшыраған кезде бортта экипаждың 6 мүшесі болды: екі офицер және 4 унтер-офицер, деп хабарлады Корреспондент.net.

Колумбияның Альбан муниципалитетінде мемлекеттің әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа түсті. Қайғылы оқиға салдарынан 6 адам қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша қаза болғандардың барлығы әуе кемесінің мүшелері болған.

Әскери ведомствоның мәліметінше, тікұшақ ұшуға жарамды болған, бұрын ақауы анықталмаған. Бұған дейін мемлекет басшысы аталмыш бортпен бірнеше рет ұшқан. Сондай-ақ, 2017 жылы Рим папасы Франциск Колумбияға сапары барысында дәл осы тікұшақпен ұшқан болатын.

"Әуе кемесі Кундинамарк департаментіндегі Паланкеро әуе базасынан ұшқаннан кейін ғайып болған. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

28 қазан 2019 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930